$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздегі кеден бекеттерін базарға айналдырған 35 адамды ұстау сәті түсірілген видео таралды

Қазақстанның Бас прокуратурасы күш құрылымдары жүргізген кең ауқымды арнайы операцияның егжей-тегжейі мен видеосын жариялады деп жазады Tengrinews.kz.

"35 күдікті ұсталды, арасында Қырғыз Республикасының үш азаматы бар. Кеден органдарының лауазымды қызметкерлері, шекара қызметі, брокерлер, делдалдар және ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 33 адам сот рұқсатымен тұтқындалды. Арнайы операция ұзақ уақыт даярланды. Қазақстын-Қытай шекарасында Алтынкөл, Қалжат және Қорғас, қазақ-қырғыз шекарасында Қарас, Қордай және өзбек-қазақ шекарасында Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек кеден бекеттері арқылы халықтың тұтынуындағы тауарлардың контрабандалық жолмен тұрақты өткізіліп тұрғаны анықталды", - дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Жалған құжат арқылы елге тауар кіргізген күдіктілерге кедендік қызметтің кей лауазымдылары құжатты арзан рәсімдеп, жүкті өткізіп беріп отырған. Тауарлар Қазақстанның және Ресей Федерациясының ірі қалаларына жөнелтілген.

Еске салайық, 15-16 ақпанда Қазақстанның күш құрылымдары Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында кең ауқымды арнайы операция жүргізді. Ұсталған 29 адамның екеуі Қырғызстан азаматы, ал олардың бірі көші елдің парламентариі болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары