$ 447.4  477.55  4.76

Бір қорап есірткімен ұсталған Ақтау тұрғынына небәрі 60 мың теңге айыппұл салды

Ақтау қалалық соты бір қорап марихуанамен ұсталған азаматты кінәлі деп тауып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Полиция қызметкерлері оны 2-шағынаудандағы №64 үйдің жанынан қолға түсірген. Ер азамат есірткіні сіреңке қорабына жасырыпты. Тергеу кезінде ол қораптағы жасыл түсті затты полицейлерге көрсеткен екен. Артынша сот сараптама жасап, оның 4,03 грамды құрайтын марихуана екендігі анықталды.

Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын сату мақсатында заңсыз сақтау) кінәлі деп тауып, 25 айлық есептік көрсеткішке (60,125 теңге) сәйкес айыппұл салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары