$ 446.49  475.38  4.79

Сот Мұхтар Әблязовтың ұйымын экстремистік деп тапты

Бас прокуратура Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеме жасады деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдері сотқа Мұхтар Әблязовтің "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымын экстремистік ұйым деп тану туралы мәлімдеме жасады.

"Бүгін Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен бұл мәлімдеме толық көлемде қанағаттандырылды. Сот ҚДТ ұйымын экстремистік және ҚР аумағында тыйым салынған ұйым деп таныды. Сондай-ақ, ұйымның қызметі жайлы БАҚ өкілдеріне ақпараттық материалдар ретінде, телекоммуникация жүйелерінде, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және видеохостингтерде жариялауға тыйым салынады", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары