$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбе әкімдігінде өзін атып өлтірген полицейге қатысты жаңа дерек айтылды

Ақтөбеде полиция қызметкері Байбек Қарымсақовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Тергеу кезінде қалалық əкімдіктің бейнебақылау камерасындағы жазба алынды деп жазады Қазақпарат.

"Мамандандырылған күзет басқармасының инспекторы Байбек Қарымсақовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Қалалық әкімдік ғимаратынан алынған видеожазбаны сараптау барысында 17:16-да өткізу-бақылау пунктіне Қарымсақов кіргеннен кейін, бөгде ешкімнің бас сұқпағаны анықталды. Ал марқұмның мүрдесін 17:24 сағатта әкімдіктің аспазы тапқан. Баллистикалық сараптама оқтың инспектордың табельдік қаруынан атылғанын көрсетті. Қазір оқиға болған сәттегі Қарымсақовтың қандай психикалық күйде болғанын анықтау үшін сот-сараптамалық экспертиза тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары