$ 444.32  473.33  4.76

Шымкенттік журналист ауыл имамын ұрлап, оны жалаңаш шешіндіріп суретке түсірген

15 наурызда Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты республикалық қоғамдық-саяси "Темірқазық-ой" газетінің бас редакторы Анаркүл Сүлеева және онымен бірге ұсталған үш адамның ісін қарай бастады. Бұл туралы Азаттыққа аудандық соттың судьясы Ғани Байарыстан хабарлады.

Оның айтуынша, айыпталушы ретінде Әбдіраман Тұрмағанбетов, Бағила Қадырбаева, Хабидан Рахманбердиев және Анаркүл Сүлеева, ал жәбірленуші ретінде ауыл имамы танылған. Имам аты-жөнін жариялауға тыйым салған.

- Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 147-баптың 5-бөлігі («Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») , 125-баптың 2-бөлігі («Адам ұрлау»), 274-баптың 3-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату»), 293-баптың 2-бөлігі («Бұзақылық»), 311-баппен («Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») айыпты деп танылған, - дейді судья.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер молданы ұрлап, оны жалдамалы пәтерде күштеп ұстаған және спирттік ішімдікті мәжбүрлеп ішкізген көрінеді. Мұнысымен қоймай олар жәбірленушіні шешіндіріп, фото және видеоға түсірген.

Судьяның айтуынша, "сот жабық өтіп жатқандықтан отырысқа тек айыпталушылар мен жәбірленуші, судья мен хатшы, прокурор және куәгерлерғана қатысады. Сот имам нақты қандай оқиғаға байланысты шағым түсіргенін ашық айтпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары