$ 448.56  478.03  4.79

Пара алып сотталған Ерлан Біләл ірі көлемдегі айыппұлды төлей алмай жатыр

Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл сот шешімі бойынша төлеуге міндеттелген 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын ғана төлеген. Енді ол соттан қалған 16,5 миллион теңгені төлеу мерзімін шегеруді сұрап, өтініш жазған. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.

"Ерлан Біләл 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын төлеп, енді қалған соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрап, аудандық сотқа өтініш жазды", - деп пікір білдірді соттағылар. 

Еске салайық, биылғы ақпанда Алматының Алмалы аудандық сотында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шығарылған еді. Сот Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарып, бұл соманы төлеуге бір ай уақыт берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары