$ 448.56  478.03  4.79

Шымкентте экс-прокурор өз әйелін айуандықпен пышақтап өлтірді

Шымкентте прокуратураның бұрынғы қызметкері өз әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл мәліметті Әл-Фараби аудандық соты растады деп жазады Holanews.kz порталы.

Тергеуші судья Болат Қарабаевтың мәлімдеуінше, оқиға 11 мамыр күні ОҚО-дағы университеттің бірінде болған. Ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжің соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Ер адам әйелінің арқасына бес рет пышақ сұғып алыпты. Алған ауыр жарақаттары салдарынан әйел ауруханаға жетпей көз жұмды.

Ал, бұрынғы прокурорға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімі (Адам өлтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол тергеу изоляторында.

Анықталғандай, өз әйеліне қол жұмсаған 40 жастағы айыпталушы Қанат Исаұлы Түркістан прокурорның бұрынғы көмекшісі болған. 2017 жылдың желтоқсанында ол құқық қорғау органынан жұмыстан шығып кеткен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары