$ 446.49  475.38  4.79

Есікте болған атысқа байланысты жаңа деректер шықты

Алматы облысы Есік қаласында полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы тәркіленді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу ерекше бақылауға алынды. Полиция қызметкері қызметінен тыс уақытта болған. Ол Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкері болған", - деп хабарлады полициядағылар.

Дереккөздің мәліметінше, атыстан барлығы үш адам зардап шекті.

Біреуі ауруханаға жеткізілер кезде көз жұмған, ал полицей 11 мамырда қаза тапқан. Үшінші зардап шеккен (жұмыссыз жүрген) адам қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Есікте атыс болып, полицейдің қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыс 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні болған. Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтқан болатын. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #Есік