$ 443.85  474.3  4.8

Мәскеуде көз жұмған студенттің анасы қызының өліміне қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Мәскеуде оқу ғимаратының жоғарғы қабаты терезесінен құлап қайтыс болған студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу әлі күнге баяу жүріп жатыр. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

 «Мәскеуге барып келдік. Не дейін? Қызымның қайтыс болғанына 2 ай болды. Бірақ бақылау камераларындағы жазбалар әлі күнге дейін тексерілген жоқ. Менен де жауап алмады. Қылмыстық, трасологиялық, психологиялық, лингвистикалық сараптамалар жүргізілмеді… Барлық мәселе Томиристің психикалық ахуалының айналасынан шыға алмай тұр. Оларға осылай ойлаған ұнайды.  Балаға психикалық зиян келтіргендеріңізді білесіздер ме?» – деп сұрайды. Бұл сұрақ баласынан айрылып отырған отбасы үшін қандай соққы екенін білесізде ме? Қайғыдан қан жұтып отырған маған қалай тиетінін сезесіз бе, тергеуші мырза? Томиристің бауыры, әжесі қандай жағдайда жүргенінен хабарыңыз бар ма? Оның өліміне жарты жыл бұрынғы деректердің не қатысы бар?», – деп Ахметова қызының өліміне қатысты тергеуді осылайша баяндап берді.

Еске сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.

Куәгерлер алғашында марқұмды жанында тұрған дағыстандық жігіттің итеріп жібергенін көргенін айтқанымен, тергеу кезінде сөздерінен айнып кетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары