$ 446.49  475.38  4.79

Таразда түрменің шенді қызметкері 2 млн теңге парамен ұсталды

Таразда 158/5 колония басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары ірі көлемдегі парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро таратқан мәліметке сүйенсек, ол сотталушыдан 2 млн. теңге бопсалаған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ақшаны алып жатқан жерінен қолға түскен  түрме бастығының орынбасары өз кінәсін бірден мойындаған. Сондықтан ол қамауға алынбады. Күдіктінің сыбайластары болды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Әдеттегідей істің құпиялығына байланысты өзге мәліметтер айтылмай жатыр. Диқанбаевтың ендігі тағдыры қалтасының қалыңдығына байланысты. Алған ақшасын айыппұл ретінде еселеп қайтаруға шамасы жетсе абақтыдан құтылады немесе ұзақ мерзімге түрмеге жабылуы мүмкін. 

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Диханбаев ұсталды. Ақша қаражаты осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушының қамауда ұстау жағдайын жеңілдету және жалпы қамқорлық көрсету үшін алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары