$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте 11 жасар баланы зорлады деген күдікті 2 айға қамалды

Шымкентте "11 жастағы баланы зорлады" деген күдікке ілінген 1985 жылы туған ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы шілденің 4-і күні Азаттыққа Еңбекші аудандық сотының судьясы Данияр Мадемаров xабарлады.

Судьяның айтуынша, кәмелетке толмаған балаға зорлық жасады деген күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") іс қозғалып, екі айға қамауға алу туралы санкция берілген. Сот жабық өткен.

Шілденің 2-сі күні Түркістан облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) 1 шілдеде әлеуметтік желіде таралған ер адамның "кәмелетке толмаған балаға шабуылдау" видеосы бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.

Бұдан бұрын Шымкент қалалық әкімінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова Шымкентте 18-ықшам аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде "кәмелетке толмаған балаға зорлық жасады" деген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары