$ 449.58  486.94  4.86

"Іш киіміңді шеш": Әйелді тыр жалаңаш шешіндірген тергеуші ұсталды (ВИДЕО)

Самарқан облысының Каттакурган шаһарындағы базарда ақша ұрлады деп қамалған екі әйелді жалаңаш шешіндіріп, қорлаған тергеуші Санат Умаров қамауға алынған деп хабарлайды Өзбекстан Бас прокуратурасы.

Каттакурган шаһары ішкі істер бөлімшесінің тергеушісі, 30 жастағы Санат Умаров қызметін асыра пайдаланды, адамның абыройын төгіп, азаптады деп айыпталуда.

4 шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Санат Умаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

3 маумысда тергеуші Санат Умаров бастаған милиция өкілдері бөлімшеге базардан ақша ұрлады деген күдікпен екі келіншекті алып келген. Кейін оларды жалаңаш шешіндіріп, ақша іздеп, қол көтеріп, кемсіткен. Әйелдерден ақша таппағаннан кейін, тиісті құжаттарды да толтырмастан, босатып жіберген.

ІІМ өкілі тергеуші Санат Умаровтың теріс әрекеттері үшін қызметінен алынғанын хабарлаған. Ал қалған милиция қызметкерлерінің тағдыры әзірге белгісіз.

Дереккөз: Сentralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары