$ 447.4  477.55  4.76

Денис Теннің өліміне күдікті оқиға орнына келіп, спортшыны қалай өлтіргенін көрсетуде (ВИДЕО)

Даңқты спортшы Денис Тенді өлтірді деп айыпталып жатқан екі күдіктінің бірі қылмыс болған жерге келіп, оқиғаның қалай болғанын айтып беріп жатыр. Бұл сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі Kris_p_almaty парақшасында пайда болды.

Еске салайық, даңқты спортшыны кеше күндізгі сағат үштер шамасында көлік ұрылары өлтіріп кеткен болатын. Ұрлықтың үстінен түскен Денисті екі жігіт бірнеше рет пышақтап тастаған. Марқұм ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның 3 литр қан жоғалтқанын да айтты.

Денис Тен — Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 2014 жылы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылы әлемнің күміс жүлдегері атанған, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Денис Тен