$ 448.15  483.46  4.86

Заң не дейді? Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас

Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қойылған тапсырмалары негізінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бойынша 2016 жылға 7 басты бағыт бекітілген.

Олардың ең маңыздыларының бірі – кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылыққа және зорлау түріндегі қылмыстарға қарсы іс-әрекет болып саналады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 122-бабына сәйкес, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау, тіпті екі жақтың келісімі бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкеп соғады.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары