$ 448.89  477.93  4.76

ҰҚК мен Бас прокуратура Сирияда соғысқан қазақ жігіттердің бірін елге қайтарды

Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен прокуратура Сириядағы соғысқа қатысып, халықаралық іздеуде болған Қарағанды тумасы Дастан Хайсинді елге қайтарды. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Ағымдағы жылдың 2 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратурасының қызметкерлері Қарағандының тумасы Дастан Хайсинді Грецияның Афины қаласынан Астанаға жеткізді.
Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Хайсинді құрықтау және кейіннен экстрадициялау қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының Грециядағы Елшілігінің қолдауымен грециялық серіктестермен жүргізілген жұмыстың нәтижесі болып табылады", - делінген аталған хабарламада.

Қазіргі таңда Хайсин қамауға алыныпты. Оны арнайы орган өкілдері тергеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#микс