$ 449.58  486.94  4.86

«1 жылға сотталуы мүмкін»: Төреғали Төреәлінің ұшақ бортына заңсыз өтуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің "Эйр Астана" әуе компаниясына тиесілі Алматы-Гонконг бағытында ұшақтың бортына заңсыз енуіне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көліктегі ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз кесу фактісінің расымен де тіркелгенін және ол бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Алайда, қылмыстық істің нақты кімнің үстінен қозғалғаны айтылған жоқ.

Айыптыға тағылған кінә сотта дәлелденсе оған 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Көліктегі ІІД 1992 жылғы азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеді.

Осы ретте айта кету керек, Төреғали Төреәлі 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген.

Еске салайық, 14 қыркүйек күні танымал әнші Алматы-Гонконг бағытында ұшатын ұшақ бортына еш құжатсыз және билетсіз кіріп кеткен болатын. Салдарынан рейс бірнеше минутқа кешігіп ұшты. Ал, Төреғали өзінің бұл әрекетін "отбасымды шығарып салдым" деп түсіндірген болатын. Артынша әншіні ұшақ бортына жіберген әуежай қызметкерлері жұмыстан қуылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары