$ 447.4  477.55  4.76

Астанаға келген шетел азаматы лифт ішіндегі мониторды қасақана сындырған (ВИДЕО)

Астана қаласы Сарыарқа ауданына қарасты тұрғынүй кешендерінің біріне кірген шетелдік азамат лифттің мониторын сындырып, ғимарат ішін былғап кеткен. Бұл туралы аудан әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бұзақы шетелден келген екен. Бірақ, нақты қай елдің тумасы екенін әкім атап көрсетпеді.

"Егер камераны сындырсаңыз, бұл сізді түсірмей жатыр деген сөз емес! Бұндай әрекет жазасыз қалмайтынын кейбір адамдар қашан түсінер екен?Қазіргі кезде қалада, жолдарда болсын, үйлер мен кіреберістерде болсын, дүкендерде де қаншама бейнекамералар орнатылған, сондықтан бұзақыларды табу өте оңай. Тексеру барысында анықталғандай, бұзақы біздің еліміздің азаматы емес және ол изоляторға қамалды, одан әрі депортацияланатын болады. Басқаша болуы мүмкін емес", - деп жазды Арман Тұрлыбек өзінің Facebook-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары