$ 449.58  486.94  4.86

Қызылордалық полицей жылдық көрсеткішті жақсарту үшін деректерді бұрмалаған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық прокуратурасы полиция қызметкерінің ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегін анықтады, деп жазады ҚазАқпарат Қызылорда облыстық прокуратурсына сілтеме жасап.

Жергілікті криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартуға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндірген. Осылайша қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен. 

Жалған куәгердің көрсетуі бойынша полиция қызметкері осы айла-шарғыға қатысқаны үшін сыйақы беруді уәде еткен. 

«Бұдан бұрын азамат Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған. Соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 416-бабы 3-бөлімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерінің бас бостандығы екі жылға шектелді. Үкім заңды күшіне енді», - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаға зиян келтірген жергілікті тұрғынға айыппұл салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары