$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам тұтқындалды

Шымкентте жасы кәмелетке толмаған 13 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 30-дағы жігіт құрықталды деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға өткен жылдың тамыз айының соңында тіркелген. Досының үйіне қонаққа келіп ішімдік ішкен жігіт 2005 жылы туған жасөспірім қыз балаға зорлық жасады деп күдіктелуде.

Желтоқсан айында құрықталған күдіктіге қатысты Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясы беріліп, екі ай мерзімге қамалған. Күдікті Шымкент қаласының 1988 жылы туған тұрғыны болып шыққан. Бұрын сотты болмаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары