Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


18.02.2019, 16:21

Талдықорғанда жезөкшелер ұстаған қонақ үй анықталды

Талдықорғанда тәртіп сақшылары жергілікті қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқан және оларға жағдай жасаған топты анықтады деп жазады BAQ.KZ.

Аталған қонақ үйде ақшалай пұл үшін қонақтарға «ерекше» қызмет көрсететін 20-38 жас аралығындағы он азаматша ұсталды. Интимдік қызмет ұсынған  азаматшалар жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен полицияға жеткізіліп, профилактикалық есепке алынды.

«Қонақ үйдің төрт әкімші қызметкері жезөкшелер ордасын ұстады және жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Күдіктілердің бірі қамаққа алынды, ал басқалары «мекенжайын өзгертпеу туралы» міндеттемемен жіберілді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Заң талаптарын өрескел бұзған қонақ үйдің қызметі уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта қонақ үйдің иесін де жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.