$ 448.56  478.03  4.79

Өзбекстанда бөле-жиендердің үйленуіне тыйым салынбақ

Өзбекстан билігі бөле-жиендердің тұрмыс құруына тыйым салғалы жатыр. Бұл туралы Podrobno.uz сайты денсаулық сақтау министрлігінің заң жобасына сілтеме жасап хабарлады.

Құжатқа қарағанда, Отбасы кодексіндегі ер мен әйелдің тұрмыс құруына тыйым салынатын жағдайлар жазылған 16-бабына өзгеріс енгізіледі.

Өзбекстанда ердің не әйелдің психикалық ауытқушылығы болса не басқа некеде болса шаңырақ көтеруіне тыйым салынады. Сондай-ақ бір әке-шешеден тараған, әкесі не шешесі ортақ туыстардың, асырап алған балалардың асыраушысымен тұрмыс құруына болмайды.

Жаңа заң бөле-жиендердің үйленуіне тыйым салуды да көздейді.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары