$ 447.4  477.55  4.76

Астанада көпқабатты үйлердің подьезінде ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болды

Астанада көпқабатты үйлердің подьезінде ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болған. Абырой болғанда оқушы қашып құтылған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

Дүкеннен шыққан қыз баланы белгісіз біреу подьезіне дейін аңдыған. Оқушыға баспалдақтан көтеріле бергенде шабуыл жасаған. Қыз бала сол кезде жан даусын шығарып, қаша жөнелген. Үйіне келген балаларының түрінен ата-анасы қорқып кеткен. Олар дереу полицияға хабар берген. 

«Баламыз не болғанын да түсінбей қалған. Жүгіріп келіп, маған бәрін айтып берді. Сыртқа шығып едім, ешкімді таппадым», – дейді оқушының әкесі. 

Полицейлер күдіктіні 11 наурыз күні қолға түсіргендерін айтады. 

«11 наурыз күні сағат 22:00-де бейнебақылау камерасы арқылы қолға түсті. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпараттарды жариялай алмаймыз», – дейді полицейлер. 

Елімізде педофилдердің балаларға шабуылдауы алғаш емес. Былтыр шілде айында жасөспірім баланы ер адам подьезде зорламақ болған. Қашып кеткен қылмыскерді полицейлер көп ұзамай қолға түсірген. 3 айдан кейін оған сот 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары