$ 449.58  486.94  4.86

Сауд Арабиясында әйелдер некесіз туған балаларын далаға тастап кетеді - The Independent

 The Independent басылымы Сауд Арабиясынан шыққан Америкада тұратын әйелдерден сұхбат алып, эксклюзив материал жариялады. Басылымның жазуынша, әйелдер Сауд Арабиясында әйелдер қатты жазаланудан қорқатындықтан, некесіз туған балаларын далаға тастап кететінін айтқан.

«Сауд Арабиясыда отбасы барынша ашық, консервативті болмаса да, некесіз туған баланы сақтап қалмайды. Мемлекетте аборт жасауға тыйым салынған. Тек әйелдің денсаулығына қауіп төнсе ғана мүмкіндік берілуі мүмкін. Ал некесіз жүкті болып қалған  әйелдер сот арқылы үкім шығарылып, түрмеге қамалуы мүмкін», деп жазады басылым.

 Автордың айтуынша, әйелдер бұл тақырып туралы Сауд Арабия басылымдары жазбайтынын айтқан.

Айта кету керек, Адам құқығы туралы баяндамада Сауд Арабиясында әйелдер заң бойынша қорғалмағаны айтылған. 

дереккөз: inform.kz




 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары