$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында әйелдерді тонап, зорлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында екі әйелге күш көрсетіп тонап, бірін зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір ұсталған күдіктінің екі әйелді тонағаны анықталды. Бірінде ол  әйелді тонаса, ал екінші әйелді тонаумен қоса,  зорлаған. Оқиға Іле ауданында сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында болған.

«Жас әйел өзін Жапек ауылының маңында зорлап, тонап кеткендігі жөнінде арыз түсірді. Осы арыз бойынша күдікті ұсталды. Тексеру барысында күдікті тағы бір әйелді тонағаны анықталды. Ол әйел де Іле ауданының полицейлеріне арыз түсірген болатын. Екі фактіде де 38 жастағы ер адам әйелдердің ақшасымен, бағалы әшекей заттарын және ұялы телефондарын тартып алған. Қазір іс материалына жәбірленушінің төлем картасы айғақ зат ретінде тіркелді. Төлем картасы күдіктіні тінту барысында табылды», - деп мәлімдеді Алматы  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Бұған дейін адам зорлап істі болған күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын полицейлер тексеріп жатыр.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары