Мақсат Үсенов 10 тәулікке қамалды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Мақсат Үсенов 10 тәулікке қамалды

16.06.2017 17:50
Мақсат Үсенов 10 тәулікке қамалды

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновтің ісі қаралды деп жазады Tengrinews.kz.

Атышулы Үсенов сот ғимаратына 16.00-де бір полицейдің және формасыз ер адамның жетегінде келген.

Жауап алу кезінде Мақсат Үсенов өз әрекетін түсіндірді. Ішімді ішкен-ішпегені жайлы сұраққа ол былай деп жауап қатты:

"Бортта маған бір стақан виски құйылды. "Дьюти фриден" бір шөлмек виски сатып алдым. Бірақ мен оны "Мен былапыт сөз айтқан жоқпын. Борсерікке де, Коктышевке де жаман сөз айтпадым. Даусымды көтергенім рас, бірақ ол кезде стюардесса менің сөмкеме қол жүгіртті. Бұл дұрыс емес, ақшам бар еді. Сондықтан даусымды көтердім, бірақ дөрекі сөз сөйлемедім. Өкінетінімді ғана айта аламын", - деді Үсенов сотта. Осыдан кейін ол 9 тәулікке қамауға алуын сұрады.

Айта кетейік, жауап алу кезінде Мақсат Үсеновтің құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істеп жатқаны анықталды. Соттың шешімі бойынша, Мақсат Үсенов 10 күнге қамауға алынды.

Еске салайық, Мақсат Үсенов Алматы-Багкок рейсін орындаған әуе кемесінің бортында табак өнімін қолданған, бұған ұлттық және халықаралық талаптар бойынша тыйым салынған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші