Өскеменде ағайындыларды айуандықпен өлтірді деп айыпталғандардың соты басталды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

10.08.2017, 15:07

Өскеменде ағайындыларды айуандықпен өлтірді деп айыпталғандардың соты басталды

Өскеменде ағайындыларды айуандықпен өлтірді деп айыпталғандардың соты басталды Informburo.kz

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ағайынды Сапар Әшетаев пен Айбек Қанжекеновті айуандықпен өлтірді деп айыпталып жатқандардың сот отырысы басталды. Басты күдікті – қаржы полициясының экс-қызметкері, Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінде жұмыс істеген Ернұр Сахариев. Сондай-ақ, ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының өкілі Талант Мұсабаев та негізгі күдіктілердің қатарында. Ал, олардың таныстары қылмысты жасырды деп айыпталып отыр.

Прокурорлардың мәліметінше, бұрынғы қаржы полицейі Өскеменге келіп, ата-анасының үйінен қару алып, ІІД-де жұмыс істейтін танысымен бірге Сапар Әшетаевты өлтіруге беттеген. Олар Сапарды бауыры Айбекпен бірге алдап қала сыртына алып шыққан да, айуандықпен өлтірген көрінеді.

"Сахариев алдымен Әшетаевтың кеуде тұсынан атқан. Артынша Қанжекеновті атып салған. Жараланған Қанжекенов қашып кетпек болғанда, Сахариев мылтығын қайта оқтап, оны екінші мәрте атып құлатқан. Мұнан кейін ол ағайындылардың өлгеніне толық көз жеткізу үшін екеуін тағы бір-бір реттен қайтара атқан", - деді сот отырысында мемлекеттік айыптаушы.

Қылмысты жасырды деп айыпталған күдіктілер өздерінің кінәсін мойындап отыр және бұл істеріне өкінетіндерін айтуда. Ал, басты күдікті Ернұр Сахариев болса өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ. Оның айтуынша, оқиға мүлдем басқаша өрбіген және атқан да басқа адам көрінеді. Алайда, өз нұсқасын Е.Сахариев жабық сот отырысында ғана айтатынын мәлімдеді.

Полиция қызметкері Талант Мұсабаев та өзін адам өлтіруге қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Ол өзін қылмысты жасырғаны үшін ғана соттуын судьядан сұрап отыр.

Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс биыл 31 наурызға қараған түні орын алған болатын. Күдіктілер Өскеменде тіс дәрігері болып жұмыс істейтін Сапар Әшетаев пен кәсіпкер Айбек Қанжекеновты қаланың сыртына алып шығып, айуандықпен өлтірген. Марқұмдардың мәйіттері тек 5 сәуір күні ғана табылды.

Пікір  

+ 0 ФАТИМА 10.08.2017 18:06
СОТТЫҢ ӘДІЛДІГІНЕ ҮМІТТЕНЕМІЗ! САХАРИЕВ ПЕН МҰСАБАЕВ СИЯҚТЫ ХАЙУАН ҚҰРЛЫМ ЕМЕСТЕР ЖАЗАЛАРЫН АЛУЫ КЕРЕК! ХАЛЫҚ СОТҚА СЕНУІ КЕРЕК
Жауап беру
+ 0 Мереке 19.08.2017 15:54
Иттерди
Ату. Керек
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші