ҚР ІІМ Жампозовтың ұлына әлі айып тағылмағанын мәлімдеді

11.08.2017, 11:52

ҚР ІІМ Жампозовтың ұлына әлі айып тағылмағанын мәлімдеді

ҚР ІІМ Жампозовтың ұлына әлі айып тағылмағанын мәлімдеді Sputnik Казахстан

ҚР Ішкі істер министрлігінде мерт болған Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозовтың ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 шілдеде белгілі себептерге байланысты көз жұмған Жампозов Өмірсерік Асыкбекұлының баласы Асылжан Жампозовқа құқық қорғау органдарының тарапынан қысым көрсетіліп жатыр деген ақпарат қазір БАҚ тарапынан қызу талқыланып жатыр. Анықталғанындай, 2017 жылдың 20 шілдесінде Асылжан Жампозов оқиға орнын тексеру барысында Целиноград ауданы прокурорының ішінен теуіп жіберген. Дәл сол жерде айыпталушының екінші ұлы аудандық прокурорға өлтіретінін айтып қорқытқан», - дейді ІІМ хабарламасында.

Бұл оқиғаға жедел іздестіру тобының және тексеруге қатысқан өзге ресми тұлғалар куә болған. Форма киген адамға соққы жасағанын Жампозовтың өзі де жасырмаған.

«Менің қолымды қайырып алды. Мен олардан сытылып босап шығуға тырыстым. Бәлкім, біреуге тиіп кеткен болар. Күрделі жағдайда болғандықтан, шыны керек, тіпті есімде де жоқ» деп жауап берген А.Жампозов.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаназаға байланысты Асылжан Жампозовқа қатысты соталды тергеу амалдары кейінге қалдырылған. Бүгінгі күні Асылжан Жампозовқа ешқандай айып тағылған жоқ. Десе де, ішкі істер органы аталған іс бойынша тергеу амалдарының жүргізіп жатыр.

«2017 жылдың 20 шілдесінде аталған факт тіркеліп, қазіргі уақытта Ақмола облысының ішкі істер департаменті ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) және 409-бабы 2-бөлігі (соталды тергеу барысында қорқыту немесе күш қолдану) бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ІІМ.

Бүгінгі күні іс-материалдарын ҚР ІІМ өндірісіне өткізу процесі жүргізілуде. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Өмірбек Жампозовтың өз-өзіне қол салуына байланысты Целиноград ауданында қозғалған іс ҚР ІІМ-не қайта тапсырылғанын хабарлаған болатын. Тергеу амалдарын бақылау Астана прокурорына жүктелген. Егер өз-өзіне қол салу фактісі дәлелденсе, бұған қатысы бар барлық адамдар заң талаптарына сай жазаланатын болады. 

Пікір   

Ербол 11.08.2017 17:12
Қайғыға белшесінен батып жатқандарға күш көрсетіп қолын қайырмай-ақ қойса болар еді ғой. Жоқ әлде әкесі уысымыздан шығып кетті, енді баласына жармасайық дегеннің кері ме?

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші