Заңгер: «Алматыда Кірістер департаментінің тергеушілері айғақ заттарды сатып, ақшасын казиноға тыққан»

22.11.2017, 17:21

Заңгер: «Алматыда Кірістер департаментінің тергеушілері айғақ заттарды сатып, ақшасын казиноға тыққан»

Шымкенттік заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тергеушілері айғақ зат ретінде күдіктіден тәркіленіп алған 1 миллион доллардың алтын бұйымдарын казиноға салып жіберген. Алғашында күдікті болған кәсіпкер Индира Бердібекова болса жәбірленушіге айналып, бүгінде тергеушілер алған алтындарын кері қайтара алмай жүр.

Индира 10жылдан бері алтын сатуды кәсіпке айналдырған екен. Өзін ол Мемлекеттік кірістер департаментінің құрбаны деп есептейді. Аталған орган өкілдері оны контрабандамен айналысады деп айыптаған екен.

«Кірістер департаменті менің үстімнен заңсыз контрабандамен айналысты деп қылмыстық іс қозғап, 10 жыл жинаған барлық алтынымды тәркілеп алып кетті. Менің алтындарымды олар 6 ай бойы өз жұмыс бөлмесінде ұстап, кейін Алматы қаласының ломбардтарына сатып, ақшаны казиноға салып жіберген», – дейді Индира Бердібекова.

Жәбірленуші жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарласып, арыз жазыпты. Қауіпсіздік қызметіндегілер оған алтындарының жұмсалып кеткенін ашық айтқан.

«Алтындарым сатылып кетті дегенді естігеннен кейін іздеу салдым. Оншақты ломбардтан алтындарымды тауып, сатылып кеткені жөнінде қағазды алып, қайтарып алуға қолхат жаздырып алдым», – дейді сатушы.

Кәсіпкер өзінің заңға қайшы ешқандай әрекет жасамағанын айтып отыр. Керісінше, мемлекетке жыл сайын 4 млн теңге көлемінде салық төлеп келіпті. Үстінен іс қозғалғаннан кейін бірнеше адвокат жалдаған. Алайда, барлығы дерлік іспен танысқаннан кейін әрі қарай жұмыс істемейтіндерін айтады екен.

«Қорғаушылардан сәлемдеме айтып жіберді екен: «бастықтармен шешсін, беретіндерін берсін» деп. Менің бар мүлкімді алып кеткен, оларға берер ақшам жоқ», – дейді И.Бердібекова.

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, дәл қазір кәсіпкердің алтындарын құмар ойынға салып жіберген тергеушілердің үстінен ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлімі (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр екен.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші