Шымкентте мұнай ұрлады деген күдікпен Кірістер департаментінің шенеунігіне іздеу жарияланды

23.11.2017, 12:46

Шымкентте мұнай ұрлады деген күдікпен Кірістер департаментінің шенеунігіне іздеу жарияланды

ОҚО Ішкі істер департаменті обыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына іздеу жариялады. Данияр Қалдыбаев қылмыстық топ құрып, мұнай ұрлығымен айналысты деп айыпталуда. Сондай-ақ, оның үстінен қызметін асыра пайдаланды деген бап бойынша да іс қозғалған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1979 жылғы Данияр Қалдыбаев Кірістер департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарып жүріп, 2015 жылдан бері «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты құрған. Қазір 38 жастағы шенеунікке іздеу жарияланып, оның ізіне полицейлер түсті.

Еске салайық, кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстық ІІД және прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операция жүргізіп, мұнай ұрлығымен айналысқан 13 адамды ұстаған болатын. Олардың 5-і қамауға алынған. Күдіктілер ұрлаған мұнайын облыс аумағындағы асфальт зауыттарына арзан бағада сатып келіпті.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші