Баян жылады дейтіндей Тұрым Алагөзов сотқа қатысқан жоқ – Бақытбек Есентаевтың қарындасы

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

12.01.2018, 18:31

Баян жылады дейтіндей Тұрым Алагөзов сотқа қатысқан жоқ – Бақытбек Есентаевтың қарындасы

Осыдан бірнеше күн бұрын Баян Алагөзованың қайын атасы Тұрым Алагөзов келіні туралы жылы лебізімен бөліскен болатын. Айтуынша, Баян Бақытбек Есентаевтың сотында адамгершілік танытып, судьядан экс-күйеуін қамамауды сұрапты, тіпті, көз жасына әбден ерік те берген екен.

Алайда, Тұрым Алагөзовтің бұл пікірі Бақытбек Есентаевтың қарындасының ызасына тиді.

Instagram-парақшасына Нағима Есентаева ол (ред. - Баян Алагөзова) бүтін бір отбасына қайғы әкеліп, шырқымызды бұзды» деп жазады.

Осы орайда ол Тұрым Алагөзов Бақытбектің сотында болмаса да, болғандай, Баянды жылады деуіне еш негіз жоқ дейді.

“Оның бұлай деуіне моральды емес, заңды да құқығы жоқ еді. Себебі, сот отырысы жабық өтті (менің ағам өз әйеліне күш көрсетіп, зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған. Бірақ сот залында ақталды). Тұрым Алагөзов сотқа қатысқан жоқ. Сондықтан бұлай деуге құқы жоқ. Сот жабық өтті ме, оны ешкім талқыламауы керек. Әсіресе, Алагөзовтер. Ақсақал мұны әдейі айтты деп ойлаймын. Сол үшін кешірім сұрайтынына үміттімін», – деп аяқтады сөзін ол.

Еске салайық, Бақытбек Есентаев әйелі Баянды өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға сотталған болатын. Оны мұндай қылмысқа қызғаныш сезімі итермелеген. Кейінірек мәлім болғандай, Баян күйеуінің көзіне шөп салған екен.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика