Спорт

Сайтқа жарнама орналастыру

БАННЕРДІН АТЫ

МӨЛШЕР

КӨРСЕТУДІҢ ӨЛШЕМІ

БАҒАСЫ

Б1

1160х110

1000 көрсету

700 тг.

А1

770х125

1000 көрсету

500 тг.

А2

300х400

1000 көрсету

500 тг.

А3

770х125

1000 көрсету

300 тг.

А4

300х300

1000 көрсету

300 тг.

Шығып тұратын терезе

400х400

1000 көрсету

600 тг.

 

Қосымша

 

 

РАЗМЕРЫ

ЕДИНИЦА ПОКАЗА

СТОИМОСТЬ

Мақала

<2000 символов + бейне

24 сағат

80 000 тг.

PR мақала

<3000 символов + бейне

24 сағат

100 000 тг.

Бейнемен интервью

<2000 символов + бейне

24 сағат

110 000 тг.

Сұрастыру

<150 символов

24 сағат

30 000 тг.

 

Жалпы жеңілдіктер

  • Жарнама агенттіктерге – 10%
  • 100% алдын ала төлеу – 10%
  • Қайырымдылық/әлеуметтік мақалалар – 20%

 

Көлемдік жеңілдіктер (баннерлер)

  • >200 орналастыру – 10%
  • >500 орналастыру – 15%
  • >1000 орналастыру – 20%
  • >2000 орналастыру – 30%

 

Көлемдік жеңілдіктер (мақалалар)

  • >10 мақала – 10%
  • >25 мақала – 15%
  • >50 мақала – 20%
  • >100 мақала – 30%

championat.asia

КҮШТІЛЕРДІҢ КҮЙРЕУІ БАСТАЛДЫ

Күштілердің күйрей жеңілгенін көргеннен ауыр не нәрсе бар екен?! Алдағы уақытта футбол тақырыбында әңгіме бола қалса жаңа таңда ғана аяқталған Бразилия – Германия матчын ешкім айналып өте алмайтын шығар. Кемі елу жылғы әңгімеге азық... Осынау кездесуден кейін не айтуға болады? Әзірге аузымызға «әлемнің бес дүркін чемпиондарын өз жанкүйерлері алдында 7:1 есебімен тас-талқанын шығару, «басқаны қайтесіңдер, футболдың жайын бізден сұраңдар» деп жүргендерді қайтып доп теппейтіндей ету Пеленің үрім-бұтағын берісі тірідей көму, әрісі қорлау болып табылады» деген сөз ғана.

yvision.kz

ҚАНДАЙ АБЫРОЙҒА ҚЫЗЫҒЫП ЖҮРМІЗ?

Алматы 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге негізгі үш үміткер қаланың бірі болып тіркелді. Өзімен деңгейлес өзге қалалар бой тартып, әуелгі ынтасынан айнып жатса да Алматы алған бағытынан қайтар емес. Тіпті, осыған дейін «алматылықтардың экономикалық жағдайы жақсарды, Шығыс Еуропа қалаларымен пара-пар деңгейге жетті» деп мақтанатын-ды қала басшысы. Қысқы Олимпиадаға келгенде енді сол шығысеуропалық қалаларыңыздың өзі Алматыға ілесе алмай қалды. Айта кетейік, мұның алдында Польшаның Краков қаласы мен Швецияның Стокгольм қалалары өтініш беруден бас тартқан болатын.

ҚЫЗҒАНЫШ ЖОҚ КӨҢІЛДЕ, ҚЫЗЫҒУ БАР!

Басталғаны күні кеше ғана сияқты еді, футболдан Бразилияда өтіп жатқан кезекті әлем чемпионаты да аяқталуға таяды. Бразилиядағы сағат белдеуі бойынша бүгін, біздіңше тәулік ертеңге ауған уақытта (Астана уақытымен түнгі сағат 02.00-де) алғашқы жартылай финал жұбы – Бразилия мен Германия жасыл алаңға шығады. Осынау текетіресте кімнің бағы жанады? Оған болжам жасамай-ақ қоялық, себебі сәуегейлер бізсіз де жетеді. Тек бір айта кетерлігі, осыған дейінгі бүкіл ойын тактикасын Неймарға сабақтастыра құрған бразилиялықтарға бұл тартыс өте қиынға соқпақ. Дәл қазір құрамада Неймарды алмастыра қоятын ешкім көрінбей тұр. Әншейінде «Челси» сапында жай отындай жарқылдап жүретін Оскарды жанкүйерлер мундиальда мүлде танымай қалды. Алаңда Оскардың өзі емес, құр сүлдесі ғана жүрген сияқты әсер қалдырады. Неймарды Халк алмастырады дейсіз бе? Мүмкін. Бірақ, бапкерімен қарым-қатынасынан салқындық сезіліп қалған Халк та осы жартылай финалдық матчқа дейін өзін толық деңгейде көрсете алған жоқ. Бүгін аяқ астынан басқа Халкка айналып кетпесе! Фредтің алаңда не бары, не жоғы білінбейді. «Жұттың жеті ағайынды» болатыны тегінде рас, осыған дейін Луис Сколаридің күніне жарап тұрған Тиагу Сильва да алаңға шыға алмайды. Сонда сақылдап жұмыс істеп тұрған неміс машинасына қарсы бір Давид Луистің қолынан не келеді?!

futbik24.com

ГЕРМАНИЯ – АЛЖИР және ҚАЗАҚСТАН – СИРИЯ...

Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бірнеше сенсациялық жаңалықтар орын алды. Кубоктан басты үміткер дейтін бірнеше команда топтық кезеңде-ақ жарыс жолынан шығып қалды. Ал, оларды жарыстан шеттетіп тастаған құрамалар ешкім күтпеген жерден плей-офф кезеңіне шықты. Бұл ретте, басты сенсация ретінде Коста-Рика елі футболшыларының ерлігі саналып жатыр. Дегенмен, сенсацияның көкесін Алжир көрсетейін деп тұрған сияқты.

news.liga.net

ФИФА СУАРЕСТІҢ ТІСІН ҚАҒЫП АЛДЫ

Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионаты бел ортадан ауды. Кез келген мундиальдің тосын жаңалықтарға толы болатыны белгілі. Алайда, бұрынғы додалардың бірде-бірі карнавалдар елінде өтіп жатқан биылғы чемпионатпен шендесе алмаса керек.

football-side.com

МУНТАРИДІҢ ЖҮРЕГІ МҰСЫЛМАН

Мұсылманшылықтың тегінде адамның ресми ұстанған дініне қарамайтындығы ақиқи рас. Сирияның, Ирактың, Ауғанстанның, Пәкстанның, бәрісі-бәрісінің ресми діні – ислам. Алайда, аталған елдердегі күнара болатын лаңкестік әрекеттерден, ондағы бейкүнә адамдардың, ішінде сәбилер де аз емес, қанының есепсіз төгілуінен кейін көңілді күмән билей бастайды. Дұрысы, е, Құдай, өзің кешіре гөр, әлгілердің мұсылман екендігіне сене алмайсың-ақ. Жарылыстарды да қоя беріңіз, бүгін әлеуметтік желілерге ілінген бір бейнесюжет көрген адамның еріксіз жағасын ұстатты. Әлгі бейнесюжетте бір араб өзінің үш итіне байлаулы ешкіні тірідей талатып жатыр. Иттерін аңға дайындаған түрі екен. Бұл «мұсылман» ертең Құдайдың алдында әлгі ешкі үшін қалай, не деп жауап берер екен? Құдайға бес уақыт намазының түгел екендігін міндет қыла ма? Бес уақыт намаз оқиды, сөйте тұра Құдайдың жаратқан тіршілік иесіне адам ойлап таба алмайтын қиянат істейді.

championat.com

БАР ГӘП – ФУТБОЛДЫ БАСҚАРУДА!

Әлем футболында алдына жан салмай тұрған Испанияның да заманы өтті. О заман да бұ заман, Испания топтық кезеңнен плей-оффқа өтпей қалды дегенді естімегелі қашан?! Соңғы әлем және Еуропа чемпионатын жеңіп алған Испанияның клубтық командалары да кеше ғана айды аспанға бір-ақ шығарды емес пе?! Немістердің қос командасының былтырғы жетістігін биыл Испания командалары қайталады. Осымен испан футболшылары жетпеген биік те қалмады-ау. Жеңістің шыңырау биігін бағындырып болған олар енді регрессия, яғни тоқырауға ұшырай бастаған ба, қалай?

sport-xl.org

ӨЗ ФУТБОЛЫМЫЗДЫҢ КЕДЕРГІСІ ДЕ ӨЗІМІЗ...

Бразилиядағы әлем чемпионатының басталғанына да бірнеше күннің жүзі болды. Барлық құрамалар да алғашқы кездесулерін өткізіп болып, Бразилия екінші командасымен ойнап та үлгерді. Мықты деген командалар мықтылығын дәлелдеп те жатыр. Бұл жолғы чемпионаттың сенсациясы болады деп күтілген Бельгия құрамасы да бірінші ойынын жеңіспен бастады. Өз қақпасына бірінші болып гол жіберген Бельгия еш саспастан ойын соңына дейін екі гол соғып, үш ұпайын алды.

eurosport.ru

КАСИЛЬЯС ЖӘНЕ КАРПОВИЧ...

Бүгінде планетаның Бразилия орналасқан аумағынан өзге жердің бәрінде өмір бірер сәтке болса да тоқтап қалғандай. Аса мәртебелі футбол саяси тұрғыдан ең ыстық нүкте болып табылатын мемлекеттер тіршілігінің өзін уақытша болса да көзден таса қылып тұр. Ал, Бразилиядағы әрбір қас-қағым сәт бірден тарихқа айналуда.

today.kz

ТЕН АЛМАҒАН НЕ ҚАЛДЫ?!

Сочи Олимпиадасының қол жүлдегері Денис Тен Қазақ спорт және туризм Академиясын қызыл дипломмен бітіріп шықты. «Даярлау, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру» факультетінде үш жыл білім алған ол енді дене шынықтыру және спорт мұғалімі болып табылады. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанау тренері атанды.

ntv.ru

БРАЗИЛИЯ. МУНДИАЛЬ. КІМНІҢ БАҒЫ ЖАНАДЫ?

Футбол десе ішкен асын жерге қоятын бүкіл әлем жанкүйерлері дәл осы жылдың дәл осы аптасын тура 1460 күн күтті. Оңтүстік Африка Республикасында әзірге соңғы әлем чемпионаты аяқталғалы бері де төрт жыл уақыт зымырап өте шықты. Ол төрт жылда әлемде қандай оқиғалар болмады десеңізші! Алайда, жанкүйер үшін ол оқиғалардың қай-қайсысының да әсері осы бейсенбіде Бразилия қалаларында өтетін кезекті мундиальдың әсерінің қолына су құюға жарамайды.

sport-xl.org

«ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ БРАЗИЛИЯ БОЛАДЫ»

Бірден айта кетейік, мұндай сәуегейлікті біз жасап отырған жоқпыз. Біз кімнің әлем чемпионы болатынын болжамай-ақ, әуелі өзімізді ертең не күтіп тұрғанын біліп алайық. Мұндай болжамды Инсбурк университетінің статистика профессоры Ахим Зайлайс (Achim Zaileis) арнайы зерттеу жүргізіп жасап отыр. Бұл туралы мәліметті KAZsport таратты.

bnews.kz

Феликс ЦОЙ: «БОКС МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ!»

Талантты бірден танымасаң бапкер болып қажеті жоқ

– Ұлттың тағдыры адамдардың тағдырынан тұрады. Қазақстанға қашан, қалай, қандай тағдырмен келдіңіз?

– Тарихсыз ұлт болмайтыны сияқты тағдырсыз да ұлт болмайды. Ал, біздің корей жұртының тағдыры дегеніңіз...

Біз кешегі аға буынның көздерін көрдік, әңгімелерін тыңдадық, бүгінде жасым жетпістің екеуіне келді, кейбір мәселелердің шет жағасын өзім де білемін. Біздің әкелерімізді, аталарымызды кешегі кеңестік жүйе 1936 жылы Қазақстанға жер аударған ғой. Ол кездің қиындығын сезіну үшін сол кезеңде өмір сүру керек. Былайғы адамдар түсінбейді. Өздері әбден арып-ашыған, көкірекке «алдағы күндеріміз қандай болады екен?» деген уайым шемен боп қатқан аталарымыз Жетісу жаққа қоныс теуіпті. Жергілікті тұрғындардың тілін түсінбейді, салт-дәстүрлерінен болса да бейхабар. Сөйтсе уайымдағандары бекер екен. Қазақ дейтін халық әлемдегі ең бір мейірман, ең бір қонақжай халық болып шығады. Өздері «шықпа жаным, шықпамен» отырып, біздің ата-апаларымызды аяйды, мүсіркейді, қолындағы барын бөліп жейді. Біздің үлкендер «бір-ақ қазақтың тамақ ішіп отырғанын өмірі көрмейсің, кемі екі-үш адам болып отырып тамақ ішеді» деп таң қалатын.

Қазақ пен корейді туыстырған ешқандай да идеология емес, тағдыр. Қазақтардың керемет мейірбандығы, меймандостығы, ішкі жан дүниелерінің соншалықты тазалықтары. Бұл татулықты лайықты жалғастыруды үлкендер бізге аманаттап кетті, біз өзімізден кейінгілерге аманаттаймыз.

Мен 1941 жылы бүгінгі Алматы облысына қарасты Үштөбе қаласында дүниеге келгенмін. Сосын Текеліге көшіппіз. Орта мектепті осы Текеліде бітірдім. 1958 жылы Таразға көшіп келдік. Ол кезде он сегізге тола қоймаған баламын. Тараздан Шымкентке келіп, қорғасын зауытына слесарь болып жұмысқа тұрдым. Осы Шымкентте жүріп, қолыма алғаш рет бокс қолғабын кидім. 1971 жылы Шымкент пединститутының тарих факультетін тәмамдаған соң мені жолдамамен Таразға жіберді. Ол кездің тәртібі мемлекеттің жолдамамен жіберген жағына барып, кемі үш жыл жұмыс істеуің керек болатын. Сол жолдамада көрсетілген үш жыл мені түпкілікті жамбылдық қылып жіберді.

– Бокспен айналысуды Шымкентте бастадым деп отырсыз, көңілдегідей нәтижелерге қол жеткізе алдыңыз ба?

– Жағдай солай болды, мен боксты өте кеш бастадым. Ол кезде шеберлер дайындайтын спорт мектептері болмайтын. Адамдар спортпен көбінде өндірістен қол үзбей жүріп айналысатын. Алғаш үйірмеге 19 жасымда келсем де нәтижелерім жаман болған жоқ. Қала, облыс біріншіліктерін ұтып алдым, республикада өз салмағымда үнемі үздіктердің үштігінен табылатынмын, бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанып, одақтық біріншіліктерге қатысу мәртебесіне ие болдым.

Осылай жүргенде бокстың тағдырыма айналып кеткенін білмей де қалыппын. Иә, бокс менің тағдырым! Жолдамамен Жамбылға барған соң біраз уақыт сондағы кәсіптік-техникалық училищелердің біріне қоғамтану пәнінен сабақ беріп жүрдім. Ірі жарыстар болар кезде облыстың спорт шенеуніктері жарысқа қатысуымды өтінеді. Қатысып беремін, орын алып беремін. Алайда, қашанғы тиіп-қашып жүре бересің, әдемі күндердің бірінде әлгі училищенің спорт залынан бокс үйірмесін аштым. Менің жаттықтырушылық жолым солай басталды.

– Сөзіңіз аузыңызда, содан бері де қырық жылдан аса уақыт өтіпті. Шүкір, ол жылдар жеміссіз болған жоқ. Бүкіл алаштың сүйіктісіне айналған Болат Жұмаділовтей жампозды дайындадыңыз. Жұмаділов демекші, елдің бәрі Сізді Жұмаділовтің бапкері деп таниды. Алайда, Сіз Болатқа дейін де талай мықтының томағасын сыпырдыңыз ғой. Сол шәкірттеріңізбен әлі де хабарласып тұрасыз ба?

– Енді ше?! Әлі күнге дейін бір шәкіртім көзімнен таса болған емес. «Жұмаділовке дейін де талай мықтыны дайындадыңыз ғой» дегенің жасырмай-ақ қояйын, жағып барады. Сексенінші жылдары ең жеңіл салмақта өнер көрсеткен шәкіртім Рашид Кабиров жастар арасында Еуропа чемпионы атанды, ересектер арасында өткен талай халықаралық додаларда топ жарды. Тоқсаныншы жылдары жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған Бақтияр Тілегенов өз салмағында елде қарсылас шыдатпады. Азия чемпионы атанды. Әлемнің басқа түкпірлерінде де оған тең келер қарсылас аз болатын. Атланта Олимпиадасына қатысты. Сәл жолы ауырлау болды, әйтпесе Олимпиадада топ жаратындардың біреуі сол жігіт еді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Паша Ни де менің төл шәкіртім.

Қазір осы аталған жігіттердің барлығы да, ішінде өзім де бармын, Тараз боксының өркендеуіне жұмыс істеп жатырмыз. Бақтияр Тілегенов спорт мектебінің директоры, Рашид, Паша үшеуміз сонда бапкер болып істеп жатырмыз. Болатпен күнде сөйлесіп тұрамын.

– Болат Жұмаділовті қалай таптыңыз?

– Болат үйірмеге жалғыз келген жоқ, бүкіл сыныптастарымен келген. Бұл 1985 жылдың көктемі не күзі болатын. Салмағы да әлі есімде, небәрі 35 келі еді.

— Оның үлкен талант екендігін бірден таныдыңыз ба әлде жүре келе таныдыңыз ба?

– Әрине, бірден таныдым. Талантты бірден танымасаң бапкер болудың қажеті қанша?!

«Ең жаманы адамдарға керек болмай қалған»

– Сұрағымыз қолайсыздау болса алдын ала кешірім өтінемін, бірақ, сұрамаса тағы болмайды. Осы мықты боксшылардың көпшілігінің спортты тастаған соң басқа қызметтерге жарамай қалатыны несі? Қазір үлкен қызметтерде жүрген бес-алты-ақ боксшыны білеміз. Әрі кетсе оншақты шығар. Қалғандары берген қызметті дұрыс атқара алмай жатады. Мысалы, Сіздің шәкіртіңіз Болат Жұмаділовке Сидней Олимпиадасынан кейін кеденнен де, республикалық телеарналардың бірінен де тәп-тәуір қызмет ұсынылды. Қазір Болат ол екі жерде де жоқ. Боксшылардың үлкен қызметтерге іліге алмауларының басты сыры неде?

– Менің ең жанды жеріме тиетін сұрақты қойып отырсыз. Сізге тіпті не деп жауап қайтарарымды да білмеймін.

Жұмаділовті айтып отырсыз. Болат боксты 2000 жылы аяқтады. Сол кезде оның жасы жиырма жетіде еді. Бокспен айналысқанына 15 жыл болған, соның 10 жылында әлемдік деңгейдегі спортшылардың санатында жүрді. Болатта ол жылдары барлығы да болды, жалақысы да жоғары еді, тәп-тәуір сыйақылар алып жүрді. Спорт шенеуніктері де, бапкерлер де, жанкүйерлер де оны алақанына салып, төбесіне көтеретін. Барған жерінде ерекше құрмет көрсетілетін. Қалтасында бір емес, үш бірдей жоғары оқу орнының дипломы бар.

Осыдан кейін Болат және Болат сияқты жігіттердің даңққа еті үйреніп кетіп, оны үйреншікті құбылысқа санап жатса таң қалуға бола ма?! Міне, осындай атақ-даңқтардан кейін боксшы спортты тастайды да абдырап қалады. Моральдық тұрғыдан алғанда бұл өте қиын жағдай. Адамдар үлкен спортшылардың осындайдағы жай-күйін бүкіл жан-жүрегімен түсінсе дейсің. Қиын ғой. Өте қиын.

Мәселен, Оңтүстік Кореяда Болаттың дәрежесіндегі спортшыларға спортты тастаса сол күннен бастап 800 доллар көлемінде өмір бойы зейнетақы төлей бастайды. Мұндай гуманизмге толы заңдар басқа елдерде де бар. Бәлкім бізге де осындай заңдар қабылдау керек шығар.

Бұл дүниеде ең жаманы адамдарға керек болмай қалған. Кезінде жасырды, алайда, бүгінде елдің бәрі біледі, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы даңқты палуан Шәміл Серіковтің де түбіне осындай моральдық дағдарыс жетпеді ме?! Ендеше, бұл мәселемен мемлекеттік тұрғыда айналысуымыз керек деп ойлаймын.

– Ішке толып қалған запыран сұрақ болғаннан кейін Сізді көріп сыртқа шығарып жатқанымыз ғой. Екінің бірі Болат Жұмаділов бола алушы ма еді?! Бұл сұрақты Болаттай жампоздарды мұқату үшін қойып отырғанымыз жоқ, ел алдында жүргендер осы сұхбатты оқып келешек Болаттардың жағдайын осы бастан ойластырса деген ниетпен қойып отырмыз.

– Қалай болғанда да, өте орынды мәселе көтеріп отырсыз. Көпшілік болған соң бәрі кездеседі, вокзалға барып өздігінен поезға, ұшаққа билет ала алмайтын жігіттер де болған. Бірақ, мен үшін оның бәрі де кешірімді. Неге дейсіз бе? Себебі ол үшін бәрін жаттықтырушы істейді. Бала күнінен солай. Ол тек алаңсыз жаттығады.

Бәрібір бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Спортшы әлемдік деңгейдегі нәтижелер көрсету үшін тек спортпен айналысуы тиіс. Ол басқа мәселелерге алаңдамауы керек.

– Сіз Азия, Еуропа, әлем чемпионын дайындадыңыз, бірақ тағдырыңызға Олимпиада чемпионын даярлау жазылмапты. Өзегіңізді өкініш өртейтін сәттер болмай ма?

– Өкінішім жоқ. Менің Болатым екі рет Олимпиаданың күміс жүлдегері болды, бір рет әлем чемпионатын ұтты. Мұны оңай жетістік деп кім айта алады?!

Болаттың Олимпиада чемпионы бола алмай қалғаны жалғыз маған қатысты емес. Жалпы, Олимпиада дегеніңіз халықаралық дәрежедегі үлкен саясат. Оның өзіне тән интригалары болады. Мәселен, Болат 1996 жылы өткен Атланта Олимпиадасында ұтылған жоқ. Бірақ, енді оны кімге айтарсың?! Айтқанда сені кім тыңдайын деп тұр?! Қазақстан сол жылы Олимпиада Ойындарына дербес мемлекет ретінде тұңғыш рет қатысқан. Мұндай дебютант мемлекеттің бокс құрамасына екі бірдей алтынды кім бере салады?! Осыдан кейін Болатты өз басым үлкен саясаттың құрбаны деп есептеймін.

Өздеріңіз де Атланта Олимпиадасының финалдық жекпе-жектерін естеріңізге бір түсіріп көріңіздерші. Болат талассыз жеңіп жатқан. Соңғы раундтың алдында шәкіртім қарсыласынан үш ұпай озып тұрған. Соңғы раундта да ұтылған жоқ. Гонг соғылғаны сол еді, адамдардың бәрі мені құттықтай бастады. Таблоға қарамаппыз. Рефери қарсыласымыздың қолын көтергенде есімнен танып қалыппын. Қасыма Нұржан Смановтың, Бақтияр Тілегеновтің жүгіріп келгенін білемін, әрі қарай білмеймін, талып кетіппін. Есімді әлден уақыттан кейін жинадым.

– Бала боксқа қатысу үшін үйірмеге жазылуға келеді. Сіз залдың табалдырығын енді аттап тұрған баланы шәкірт етіп қабылдарда оның ең бірінші қандай қасиеттеріне көңіл бөлесіз? Мәселен, бір балалар табиғатынан батыр болып келеді. Соққылардан қорықпайды. Енді бір бала ерекше шапшаң болады деген сияқты ғой...

– Бокста, жалғыз бокста ғана емес-ау тұтас спортта спортшы үшін ең құнды қасиет жылдамдық дер едім. Мәселен, боксты алыңыз. Рингке салмағы да бірдей, бойы да шамалас екі боксшы шығады. Қарсыласыңыз сұмдық шапшаң, Сіз бір ұрамын дегенше ол сізді үш-төрт рет ұрып қояды. Мұндай өте жылдам қимылдайтын, өте жылдам шешім қабылдайтын қарсыласты қалай ұтасыз? Сондықтан жылдамдық, жылдамдық, тағы да жылдамдық дер едім.
Әрине, батылдықты, соққыдан қорықпау қасиеттерін де жоққа шығаруға болмайды. Бокстың басқа спорт түрлеріне қарағанда күрделілігі де сонда, онда адамдар бірін бірі аямай ұрады.

Жалпы, бапкерге сауатты болмаса, үлкен түйсікке ие бола алмаса өте қиын. Бапкердің жалғыз қателігі шәкірттің бүкіл тағдырына кері әсерін тигізіп жатады. Мәселен, кейбір жаттықтырушылар залға енді келген баланы қорқақ екен деп жатады. Иә, қорқақ болған жаман қасиет. Алайда, мынадай мәселелерге де назар аудармай болмайды. Бір балалар болады, соққы алғысы келмейді, бірақ, тәжірибенің, шеберліктің жоқтығынан әзір қорғануды білмейді, тек соққыдан басын алып қаша береді. Енді мұндай баланы қорқақ деуге бола ма? Сауатсыз бапкер мұндай баланы қорқақ деп ойлайды. Бапкер қорқақ бала мен таяқ жегісі келмейтін баланы ажырата білуі керек.

Спортшыға керек қасиет көп. Өзіңіз ойлаңызшы, бізде Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары неге аз! Үлкен спортта жүргендердің ішінде Олимпиада, әлем чемпионы болғысы келмейтіндер бар ма екен?! Сөйте тұра екінің бірі Олимпиаданы ұта алмайды, әлем чемпионы атана алмайды. Қарсыластарынан күші де, жылдамдығы да, батылдығы да бір де кем болмаса да.

Сізге бір сұрақ қояйын. Олимпиада ойындары жүріп жатыр. Сіз финалға шықтыңыз. Ертең — ақтық сын. Егер жеңсеңіз сізге даңқ та келеді, ақша да келеді, бір-ақ сәтте бүкіл халықтың сүйіктісіне айналып шыға келесіз. Ертең финал деген күні осының бәрін біліп, сезіп тұрып «дені сау» спортшы қаннен қаперсіз ұйықтай алады ма?

– Әрине, жоқ.

– Көрдіңіз бе, қандай қиын. Бізге ата-аналар балаларын әкеледі. «Балам жылдам десең жылдам, күшті десең күшті, ақылды десең ақылды, енді осыдан чемпион шығарып бер» дейді. Чемпион болу үшін жылдамдық та, табиғи күштілік те, ақылды болу да аздық етеді. «Ертең финал» деген күні өз-өзін жеңе білу бұл енді қасиеттің үлкені. Оны енді ешкім үйрете алмайды, ол қасиет баламен бірге туылады. Демек, чемпион болып туылу керек. Бапкердің міндеті осындай баланы іздеп табу. Тапса бір көргеннен тани білу. Қателеспеу. Ал, мұндай бала да, бапкер де сирек. Олимпиада, әлем чемпиондарының аз болатыны содан.

– Естен Сидней Олимпиадасы кетпейді. Болат Жұмаділовтің қарсыластарының ішінде алғашқы қарсыласы есте қатты қалып қойыпты. Африканың қай мемлекетінен келгені дәл қазір есімде жоқ, бірақ, сұмдық мықты еді. Тіпті сол жігіт Болаттың финалдағы қарсыласынан да мықты көрінген. Содан кейін ол не әуесқой бокстан, не кәсіпқой бокстан көрінбей кетті...

– Нигерияның боксшысы еді ғой. Өте талантты бала болатын. Біз оны үш қана ұпай айырмашылығымен жеңдік. Қазір қайда екендігінен хабарым жоқ.

Жалпы, Болаттың Сиднейдегі қарсыластарының ішінде осалы жоқ еді. Әлгі нигериялықтан кейін Жұмаділов французды жеңді. Ол француз кейін әлем чемпионы атанды. Ширек финалда армян боксшысын жеңді. Ол армян кейін кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы болды. Олимпиаданың аты – Олимпиада, онда жеңіл жекпе-жектер болмайды.

Директор болған жылдарыма өкінемін

– Жақында ғана Лондон Олимпиадасы аяқталды. Қазақстан боксшылары бұл ойындардан бір алтын, бір күміс, бір қола олжалады. Сиднейде 2 алтын, 2 күміс алғанбыз. Лондон көрсеткішін Сиднеймен салыстырғанда ілгері басушылық дейміз бе, әлде кері кетушілік пе?

– Иә, ең күшті құрама Сиднейде өнер көрсетті. Мен қазір Қазақстан боксы кішкене дағдарысты бастан кешіріп жатыр деп есептеймін. Бұрынғыдай емес, таланттар аз. Ең бастысы, талантты бапкерлер жетіспейді. Бапкер талантты болуы керек. Бапкер талантты болса жақсы балалар табылады.

Республика бокс федерациясына, облыстағы бокс федерацияларына рахмет, салаға Тимур Құлыбаев басшы болып келгелі боксқа бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалынып жатыр. Біздің кезімізде бұл арман болатын. Мен құрамада Атланта, Сидней Олимпиадаларында жұмыс істедім. Есімде, 1996 жылы біз алты-жеті айлап жалақы да алмағанбыз.

Федерациядан бөлек мемлекеттің өзінің де бөліп жатқан қаражаты аз емес, бүгінде. Көріп отырсыздар, мемлекетіміздің жыл өткен сайын қуаты артып, спорт пен дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Бапкерлерге де, боксшыларға да өте үлкен көлемде жалақы төленеді. Тек жұмыс істе!

Рас, Лондонда жаман өнер көрсетпедік. Бірақ, кез келген маман кішкене ойлануға тура келетін жағдайлар да жоқ емес. Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болатын еді, медальдарды көбірек алуға болатын еді. Құдай біледі, Мырзағали Айтжанов та ерекше тоқмейілсуден аулақ деп ойлаймын. Ол да «бұдан да жақсы өнер көрсетуге болатын еді» деп ойлайтын шығар.

Бокс қай уақытта да Қазақстан спортының алдыңғы шебінде болатын. Көрдіңіздер, Лондонда бізден ауыр атлеттер озып кетті. Және қалай озды десеңізші! Әрине, осыларды ойлағанда көңіл кішкене қабаржып қалады.

– Сіз Қазақстанда талантты бапкерлер аз деп отырсыз. Бұл проблеманы қалай шешуге болады?

– Қалай шешуге болатынын білмедім. Білетінім, бұл ел боксына жаны күйетіндердің баршасының бас ауруына айналған. Мәселен, маған Юрий Цхай жолыққан сайын «талантты бапкерлер тапшы, бүкіл жағдайын жасаймын» дейді. Мен ондай талантты бапкерлерді не Тараздан, не Қазақстанның басқа өңірлерінен көріп тұрғаным жоқ. Әйтеуір бір түсініксіз кезеңдерді бастан кешіріп жатырмыз, осындай үлкен мемлекеттен бокстан басқа ештеңені ойламайтын, бүкіл өмірін тек боксқа арнаған үш-төрт адам таппау деген күлкілі ғой.

Бокстың жоғалғаны қорқынышты емес, талантты бапкерлердің жоғалғаны қорқынышты. Егер Қазақстанда екі-үш талантты бапкер болса, онда Қазақстанда міндетті түрде бокс болады. Ал, бапкер жоқ болса қайдан бокс болады?

Мен бұрын да айтып жүрмін, алдағы уақытта да айта беремін, Таразда жалпы, оңтүстік өңірде талантты балалар өте көп. Тек солармен жұмыс істей білу керек. Негізі, бокс таза қазаққа тән спорт. Осыны естен шығармау керек. Мәселен, бүгін мен Шымкентке қалалық бокс мектебінің директоры Бауыржан Бисеновтің арнайы шақыртуымен семинарға келіп отырмын. Құдай-ау, не деген талантты балалар! Жасөспірімдер арасында үш әлем чемпионы, үш күміс жүлдегер бар дейді. Басқа жарыстарды айтып отырғаным жоқ. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атана алса, демек, ол баланың бойында бір нәрсе бар ғой. Өкініштісі, балаларымыз жасөспірім кезінде осындай үлкен нәтижелерді көрсетеді де, ересектердің сапына қосылғанда сауатты бапкерлердің болмауынан өздерін жоғалтып алады.

Осы сұхбатты пайдалана отырып, бүгінгі семинарды ұйымдастырып отырған Шымкент қалалық бокс мектебінің директоры Бауыржан Бисеновке ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Оның тұтас жан дүниесі бокстан тұрады. Бүгінгі қай бапкерге қарағанда да боксқа ерекше жаны ашиды. Міне, спорт мектебінің директоры дегендер осы Бауыржан секілді болуы тиіс. Күніне бірнеше мәрте телефон шалып, семинарға келмесіме қоймады. Әйтпесе менің де жұмысым жетеді, уақыт дегеніңіз мен үшін алтынмен парапар. Күн сайын қыруар жұмыс күтіп тұрады. Алайда, бәрінен Бауыржан Бисеновтің энтузиазмі мықты болып шықты.

– Жұмыс демекші, өзіңіз де Таразда бір спорт мектебін басқарып жүр едіңіз ғой...

– Директорлық қызметті өткізіп, екі жыл болды, бапкерлік жұмысқа қайта келдім. Менің жасымда директор болу өте қиын. Таңертеңгі тоғыздан келіп, кешкі алтыға дейін отыруды менің жасым көтермейді. Орныма өзімнің төл шәкіртім Бақтияр Тілегенов директор болды. Ол кезінде Азия чемпионы атанған, Олимпиадаға қатысқан.

– Бүкіл әлем куә болды, Қазақстан спортшылары Лондонда толағай табыстарға қол жеткізді. Біздің ауыр атлеттеріміз, боксшыларымыз, елосипедшілеріміз, жеңіл атлеттеріміз тамаша өнер көрсетті. Алайда, күрес түрлерінен, грек-рим болсын, еркін күрес болсын, дзю-до болсын, 1996 жылы өткен Атланта Олимпиадасынан бері алтын ала алмай келеміз. Біздің палуандар Лондонда шаршау көрінді. Осы Олимпиаданың алдында күніне екі рет, үш рет жаттығу жасау дегенге қалай қарайсыз? Біз балаларды дүбірлі додаға шаршатып алып апарып жүрген жоқпыз ба?

– Мен басқа спорт түрлеріне жауап бермеймін. Бокс төңірегінде ептеп айтуға болады. Өз басым Олимпиада қарсаңында, басқа да ірі жарыстар қарсаңында боксшыға шамадан тыс физикалық жүктеме артуға қарсымын. Өзіңіз ойлаңыз, бокста бір раунд үш минуттан тұрады. Алайда, ол тек таза уақыт. Былайша кемі ол төрт, төрт жарым минутқа созылады. Сондықтан спортшыны физикалық тұрғыдан дайындағанда үш минутты емес, осы төрт, төрт жарым минутты есепке алу керек. Кім шаршағыш болса оған бокспен айналысудың қажеті жоқ. Шаршайды екен, демек, оның боксқа табиғаты келмейді, характері келмейді.

Лондонда біздің боксшылар шаршаған жоқ. Олар ұтылса шаршағаннан ұтылған жоқ, шеберліктерінің жетпеуінен ұтылды. Сондықтан бапкер дегеніңіз шәкіртін бала күнінен бес саусақтай білуі тиіс, оның өзгелерден ең басты ерекшелігін таба білуі керек. Тапқан соң сол қасиетін одан әрі дамытуы, жетілдіруі тиіс. Міне, бүгінгі семинарда да мен осыны айттым.

– Қазір көптеген спортшылар, оның ішінде боксшылар да аз кездеспейді, әсіредіншіл болып барады. Бұл жағдай Сізді алаңдатпай ма?

– Иә, ондай тенденция байқалады. Жалпы, діннен безінуге болмайды, бірақ, әсіредіншілдіктен аулақ болған жөн. Бұл мәселемен мемлекеттік тұрғыда айналысуға тиіспіз. Біз жастарымызды қаптаған секталардың тырнағына бермеуіміз керек.

Бұл мәселенің бір жағы. Енді екінші жағына келейік. Біреулер бокс секциясына екі апта қатысқан соң өзін боксшымын деп санайды. Ал, пәлен жылдан бері жанына боксты серік етіп келе жатқан спортшы ешуақытта әсіредіншіл болмайды. Себебі оның бокстан басқаға уақыты жоқ.

Жалпы, боксшы дегеніңіз дінмен емес, бокспен айналысуы керек қой.

– Бұрын бапкер едіңіз, кейін спорт мектебіне директор болдыңыз, екі жыл болыпты, бапкерлікке қайта оралыпсыз. Айтыңызшы, былайғы жұрт Феликс Цой демей, Великий Цой дейтін Сіздің жаныңызға осы екі қызметтің қайсысы жақын? Бапкерлік пе, әлде директорлық па?

– Әрине, жаныма бапкерлік жақын! Сенесіз бе, қазір директор болған кездеріме тек өкінемін. Бапкер болып жүре бергенімде бәлкім ендігі бір Олимпиада чемпионын даярлап та қояр ма едім. Кім біліпті, енді... Ондаған жылым босқа өтіпті. Ал, бұл дегеніңіз екі олимпиадалық цикл. Бапкерліктің қасында спорт мектебінің директоры деген де қызмет пе? Сағат тоғызда келесің, содан бүкіл уақытың ана жиналыс пен мына жиналыстың арасында өтеді. Қарап жүріп жүйкең жүндей түтіледі.

Ал, бапкерлік дегеніңіз Творчество ғой! Мен бұл жұмыстан шаршамаймын, қайта спортшылардың тері сіңген залға кіргенде бәрін ұмытамын. Демаламын. Жаным рахатқа бөленеді.

Белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгендегі көңіл-күйді түсіндіріп беру мүмкін емес. Елдің бәрі Сізді төбесіне көтеріп жүреді.

Бұл директорлық деген «пәлеге» қалай келдім? Алпысқа келгенімде сол кездегі Жамбыл облысының әкімі Серік Үмбетов маған облыстық бокс мектебін ашып берді. «Аз уақыт бапкер болған жоқсыз, енді директор болыңыз» деді. Қайдан білейін, дәл сол кезде алпыс дегеніңіз мен үшін шалдың жасындай болып көрінді. Алпыстан кейін ұзақ өмір сүрмейтін шығармыз деп ойлаппын. Қазір жетпістен астым, шүкір, бойдағы қуаттан ажырай қойған жоқпын.

– Енді өткенге салауат айтайық. Тағы бір сұрайын дегеніміз, атыңыз алысқа кетті. Бүгінде Сізді жалғыз Қазақстан емес, бүкіл әлем таниды десе де болады. Сізді бапкерлікке шақырған мемлекеттер болмады ма?

– Неге болмады?! Қашаннан шақырады. Әлі де шақырып жүргендер жетеді.

1996 жылы келісім-шартпен Германияда жаттықтырушы болып жұмыс істедім. Ал, 2000 жылы Сидней Олимпиадасының қарсаңында Алматыға Оңтүстік Корея бокс федерациясының бас хатшысы мен аға жаттықтырушысы келіп, менімен келісім-шарт түзгісі келген. Келісім-шарт менің пайдама ыңғайластырылып жасалыпты. Оңтүстіккореялықтардың маған қойған жалақысы ол кезде ешкімнің түсіне де кірмейтін. Бірақ, бәрібір аяғым тартпады. Оның үстіне сол кездегі ҚР бокс федерациясының басшысы Бекет Махмұдов та, орынбасары Юрий Цхай да, федерацияның жауапты хатшысы Борис Цхирашвили де рұқсат бермеді. Рұқсат бермейтініндей де бар еді, Болат Жұмаділовті Сидней Олимпиадасына дайындау керек. Болатты өзім де жалғыз тастап кеткім келмеді. Ол менің балам ғой. Мұндай жауапты сәттерде адам баласын тастап кете ме?!

Тағдырым шығар, әлемде мен болмаған елдер аз. Әсірелеп айтып отырған жоқпын, Қазақстандай елді басқа жерден әлі күнге кездестірмеппін. Қазақстанда жүрсем жаймашуақ күн кешемін.

– Сіз Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкерсіз, Жамбыл облысының құрметті азаматысыз, бокс саласының құрметті профессорысыз, Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз да адамдар алқалап, алақанына салып әкетеді. Сіз өзіңізді бақыттымын деп сезінесіз бе?

– Сезінгенде қандай! Әрине, өмір болған соң адамның арманы таусылмайды. Адам болған соң әйтеуір бір нәрсе жетпейді де тұрады. Алайда, өзіңде барға қанағат қыла білу керек. Мен өмір бойы өзім сүйген кәсіппен айналыстым. Өмір бойы жаның қаламайтын кәсіппен айналыссаң қасірет деген сол емес пе?!

Өмір болған соң күнде күліп жүру мүмкін емес. Болмайтын нәрселерден көңілің құлазитын кездер болады. Ондай кездерде залға барамын. Спортшылардың тері сіңген залға кіргенде басқа әлемге кіргендей боламын. Әлгі реніштердің қайда кетіп қалғанын өзіңіз де білмей қаласыз.

– Юрий Цхайдан тамаша бизнесмен шықты. Сізде бизнеспен айналысу туралы ой болған жоқ па?

– Ойдың болуы бір басқа да, соған икеміңнің болуы, қарым-қабілетіңнің болуы бір басқа. Менің бизнеске икемім жоқ. Үлкен бизнесті айтасыз, мен әншейін қарапайым өмірде өздігімнен бір нәрсе сатып ала алмаймын, бір нәрсе сата алмаймын. Менің қолымнан бапкерліктен басқа түк те келмейді. Мен күні-түні тек бапкер болып ойланамын. Бүкіл білімімді, тәжірибемді боксқа саламын. Бапкер болып жатып ұйықтаймын, бапкер болып оянамын. Басқа әңгімелер айтып отырғанда да бокс туралы ойланып отырамын.

– Алдағы жоспарыңыз?

– 2016 жылғы жазғы Олимпиада Ойындары Рио де Жанейрода өтеді. Төл шәкірттерімнің біреуі сол Олимпиадада чемпион атанса деймін. Сол үшін қазірден жұмыс істеп жатырмын.

– Алға қойған арман-мақсаттарыңыз түгел орындалсын! Бұл барша қазақтың тілегі деп түсінерсіз!

Сұхбаттасқан Абай БАЛАЖАН.

respublika-kz.info

«ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЕМЕС, ҚАРАЖАТ ҮШІН ОЙНАДЫ...»

Жуырда ғана аяқталған хоккейден әлем чемпионатында біздің елдің ұлттық құрамасы барлық ойында ұтылып қайтты. Небәрі 2 ұпай еншілеген ұлттық құрамамыз бұрынғы әдеті бойынша қайтадан төменгі дивизионға түсті. Иә, алпауыт командаларды ұтуға ойыншыларымыздың бірде шамасы жетпеді, бірде сәттілік жолдас болмады... Бірақ, қажеттінің бәрін қамтып, қыруар қаражат жұмсап апарған ұлттық құрамамыздың көрсеткіші осы-ақ па? Мұның себебі, біз өз чемпиондарымызды дайындамаймыз. Шетелдік легионерлерге әбден иек артып алғанбыз. «Ақ жол» партиясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев осындай пікірде.

kff.kz

ЕРЛЕР МЕРЕКЕСІНДЕ ЕЛ НАМЫСЫН ҚЫЗДАР ҚОРҒАЙДЫ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Тура осы күні футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Елорда төрінде «Астана Арена» стадионында Болгария қыздарын қабылдайды. Аруларымыздың жасыл алаңдағы бәсекесі еліміздегі айтулы мерекемен тұспа-тұс келіп отыр.

БЕЙБІТ БИЫЛ «БАРЫС» АТАНА АЛА МА?

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Өткен аптада финалға қатысатын Қызылорда және Павлодар облысының балуандары туралы айтқан болатынбыз. Бүгін маусымның 29 күні Астана төрінде ақтық сында белдесетін Астана қаласы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының балуандарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

vesti.kz

«АРЛАНДАРДЫ» АЯҚТАН ШАЛДЫ

Бұрындары кім кімді ұрып құлатады, төреші соның қолын көтеретін еді. Спорттың ішінде бір әділдік болса, осы бокста болатын шығар деп ойлаушы едік. Қазір ол дәурен өтіп, жекпе-жек қай елде өтеді, сол елдің боксшылары жеңіске жететін заманға да жетіппіз. Кеше Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясындағы жартылай финалдық кезең өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, Әзірбайжанның «Баку оттарымен» қарымта кездесуге шыққан «Астана арландары» 4:1 есебімен ұтылып қалды. Негізі, ұтылды деуге ауызымыз бармайды, төрешілер қасақана аяқтан шалды.

Әлнұр ТӨРГЕҰЛЫ: ҚАЗАҚТАРДЫ ҚҰРАМАҒА АЛУ ҚЫТАЙДА «МОДАҒА» АЙНАЛДЫ

Өткен аптада Астана төрінде күрес түрлерінен өткен Азия біріншілігіне 19 мемлекеттен 300-ге жуық ең мықты деген балуандар бақ сынады. Құрлық біріншілігінде ең соңғы болып грек-рим күресінің шеберлері мадальдарды сарапқа салды. Бұл додада Қазақстан балуандары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Ал, күрестің үш түрінен жалпы 14 медаль иеленіп, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Иә, бұл туралы осыған дейін барлық отандық БАҚ жарыса жазды. Алайда, көршіміз Қытайдың грек-рим күресінен ұлттық құрамасын бастап келген бапкердің қазақ азаматы екенін көп адам аңғарған жоқ. Біз сол Қытай құрамасын бастап келген қандасымыз  грек-рим күресінен Қытай ұлттық құрамасы бас бапкерінің орынбасары Әлнұр ТӨРГЕҰЛЫМЕН арнайы танысып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.

baq.kz

ҰЛАН РЫСҚҰЛ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

Қазір «Қазақстан Барысы» турнирінің төртінші маусымына іріктеу жалғасып жатыр. Ауылдық, аудандық додалар аяқталып, енді облыстық кезең басталды. Өткен жексенбі күні Қызылорда және Павлодар облысының финалға жолдама алған балуандарының есімі белгілі болды. Өкінішке қарай, осыған дейін екі мәрте «Қазақстан Барысы» атанамын деп жүрген Ұлан Рысқұл облыстық ріктеуден өте алмады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші