Сыр-сұхбат

Сыр-сұхбат

Сыр-сұхбат

Нұриддин ДАУЫЛБАЕВ: «ТҮЙСІГІМ ЕШҚАШАН АЛДАҒАН ЕМЕС»

Ішкі істер органдарында тергеу саласы қызметінің алатын орны ерекше. Тіпті, ішкі істер органдарының жұмысы көп ретте осы тергеу жұмысының сапасымен бағаланады. Тергеушінің жұмысы үлкен шыдамдылық пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Олардың мақсаты – нақты айғақ жинап, қылмыскерді жаңылыспай дәл табу. Өзіне жүктелген осындай қиыншылығы мен қызығы мол, ауыр әрі мәртебелі мамандықты лайықты атқарып жүрген ОҚО ІІД Тергеу басқармасының басшысы, полиция полковнигі Нұриддин ДАУЫЛБАЕВТЫ өз ісінің шебері деп айтуға толық негіз бар. Себебі, Н.Дауылбаев басқарып отырған басқарма жұмыс көрсеткіші жағынан республикада алдыңғы қатарда.

Нұрмахан ЖАЛҒАСОВ: «ӘРКІМ ӨЗ БАЛАСЫ ҮШІН АЛАҢДАУЫ ТИІС»

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы 5 маусымдағы Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекіткені баршамызға белгілі. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, сала ардагерлеріне және бүгінде осы сапта еңбек етіп жүргендерге отандастарымыздың ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні болып табылады. Жалпы, ішкі істер органдары жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның қауіпсіздігін, құқықтық тәртібін қорғауды қамтамасыз етуде маңызды институт болып саналады. Сол себепті де тәртіп сақшыларының мәртебелі қызметі қай уақытта болмасын жауапты әрі қажетті мамандық болып қала бермек. Еліміз үшін маңызы зор мереке қарсаңында осынау қиын да жауапты қызмет жолында абыройлы еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі, бүгінде ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ-ның Абай аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Нұрмахан ЖАЛҒАСОВПЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді.

azattyq.org

«МАҚТАҒАН ҚЫРЫҚТЫ ЕМЕС, СЫНАҒАН БІРЕУДІ ТЫҢДА»

«...Театр, театр, театр, жанға жай ғажайып жұмақтай, қоймайды қуантпай, жылатпай» деген ән мәтіні тура атыраулық театр актерларының ойындарына қарап айтылғандай. Өйткені облыстық театр қойылымдарын шаһардан өзге шалғай аудандардан да көрермендер арнайы келіп тамашалайды. Тіпті, қала қонақтарының да көпшілігі театрға бас сұқпай кетпейді. Журналистік қызметтің арқасында жолымыз оңғарылып, таяуда Атыраудағы Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Асылбек ЫҚСАНМЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді. Белгілі режиссермен бөліскен сырды өздеріңізбен де бөлісуді жөн санадық.

i-news.kz

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ: «ЕР ЖӘНІБЕК ЕСІМІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛЫП БАРАДЫ...»

Халқымызда ел есінде қалған Жәнібек есімді ерлер көп. Солардың бірі – Хан Абылай тұсындағы батырлар заманында туған Ер Жәнібек. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан – Жәнібек Бердәулетұлы. Халқымыздың тұтас ел болуы жолында ерен еңбек сіңірген батырдың туғанына биыл – 300 жыл толыпты.

baq.kz

АНА ОРЫСША СӨЙЛЕСЕ, БҮКІЛ ОТБАСЫ ОРЫСША СӨЙЛЕЙДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл АСАНҒАЗЫМЕН сұхбат.

– Тоқсаныншы жылдары жер-жерде «Қазақ тілі» қоғамдары құрылып, олар мемлекеттік тілдің елімізде салтанат құруы үшін хал-қадарынша еңбек етті. Сол белсенділердің ішінде жарқырап өзіңіз де жүрдіңіз. Сол кезде сіздер қазақ тілінің төрге шығарына сендіңіздер ме? Мұны айтып отырғаным, 20 жылдан асты, тіліміз әлі төрге шыға алмай келеді. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

– Әрине, сендік! Жалпы менің тіл жөніндегі әңгімелерім тоқсаныншы жылдардан да бұрын басталған. Оның да өзіндік себептері бар еді. Біздің отбасымыз тілді құрметтеген, сөздің қадірін білетін отбасы еді. Әжем арабша сауатты болатын, қиссалар мен жыр-дастандарға деген сүйіспеншілігі керемет еді. Өзі шешен кісі болатын. Бізді сөз әлеміне баулып өсірген сол әжеміз. Алайда, әжем арабша сауатты болғанымен кітаптардың бәрі кириллица қарпімен басылған. Оқи алмай діңкесі құриды. Сосын екінші класта оқитын маған жалынып, әлгі жыр-дастандарды маған оқытады. Жырдың ортасы ауа жағым талып кетеді. «Әже, аузым ауырып кетті, демалып, қалғанын ертең оқиық» деймін. Ой, сосын әжем жалынады. «Жаным, мына сүтті ішіп ал, мына майды жеп ал. Қызық жеріне енді келдік, ертеңге қалдырмайық, жалғастыра ғой, жарығым» деп үздігеді.

Әжеме қатты риза болатын жерім көп. Мәселен, мен бірінші сыныпты бітірген жылы біздің ауылдағы мектеп жабылды. Мектеп жабылса қазақ қайтеді, баласын оқыту үшін көрші ауылға көшеді де. Ақтөбе колхозында тұратынбыз, мектеп жабылған соң үйіміз Мойынқұм ауданындағы «Дружба» кеңшарына көшіп барды. Жаңа қонысымызда тура біздің көшеде үлкен типті мектеп бар еді. Біздің үйге тиіп тұр. Бірақ, орыс мектебі. Бізбен бірге көшіп келген 150 отбасының барлығы да балаларын сол мектепке берді. Бәрі бұрын қазақ мектебін оқып келгендер. Жаңа мектеп оларды қалай қабылдады? Ақтөбеден көшіп келгендердің барлығын да бір класс төмендетіп қабылдады. Сегізіншіде оқитындарды жетіншіге, төртіншіде оқитындарды үшіншіге деген сияқты...

Менің әжем дәл осы жерде мінез танытты. Жайшылықта жайдары, қақ-соқпен жұмысы жоқ әжем «жоқ, мен балаларды орыс мектебіне бермеймін, мінезі бұзылады» деп айтқанында қатып қалды. Осылайша біз сол кеңшардың жанында орналасқан фермадағы қазақ мектепке жаяу қатынап оқыдық. Өзіңіз ойлай беріңіз, ол кезде қазіргідей қаптаған көлік жоқ. Сабаққа бару үшін күнде жаздың ыстығы, қыстың суығында төрт шақырым әрі, төрт шақырым бері жаяу жүреміз. Қазір ойлап отырсам, қазақ мектебінде оқығаным үшін қазақ ауыз әдебиетіне қанып өскендігім үшін мен сол әжеме қарыздар екенмін.

– Сіз уақыт өте келе бәрібір тіл маманы немесе әдебиетші болған жоқсыз. Физика-математика пәнінің мұғалімі болып шықтыңыз...

– Өз тіліңді жақсы көру үшін тіл маманы немесе әдебиетші болу шарт емес. Ұлтын өлердей сүйген адам оның тілін де, ділін де, дінін де, салт-дәстүрін де жүрегіне сақтайды. Қайда жүрмейін, қай жерде жұмыс істемейін, тілге қызмет қылудан жалыққан емеспін.

Мені істеген жұмысым, өткізген іс-шараларыма қарап ешкім де физика-математика пәнінің мұғалімі деп ойламайды.

Тоқсаныншы жылы Шымкент облыстық партия комитетіне қызметке келдім. Оған дейін Бәйдібек ауданында үшінші хатшы, екінші хатшы болдым, кейінірек атқару комитетін басқардым. Бәйдібек ауданына барғанда бір нәрсе ерекше таң қалдырды. Аудан халқының 97 пайызы қазақтар, 3 пайызы күрділер. Орысты іздесең таппайсың. Иә, бір орыс кеңшар директоры болды, соның айналасында бірлі-жарым орыстар болса болған да шығар. Енді сол аудандағы елдімекендердің атауларына назар аударыңыз, Орловка, Китаевка, Михайловка, Красная нива... осылай кете береді, кете береді. Оу, неге бұлай деймін ғой. Сосын мұның тарихын зерттеуге тура келді. Сөйтсек Столыпин реформасынан кейін жер ауған келімсектерге «барған жерлеріңде өздеріңнің ата-бабаларыңның аттарын қоя беріңдер» деп арнайы тапсырма берілген екен ғой. Әйтпесе аталған аудан атақты Бәйдібек атаның, аналарымыздың жатқан жері. Сол әулие атаның ұрпақтарының өсіп-өніп отырған жері. Осы мекендер қалайша Орловка, Михайловка болуы тиіс? Содан қалай атқару комитетінің төрайымы болдым, бірден кіріскенім және істеген жұмысым деп айта алатыным – 36 елдімекеннің атын қазақшаладым.

Одан кейін Шымкентке барғанда Алғабас ауданының атын Бәйдібек бабамыздың атына ауыстырып болған екен. Сол уақытта «Алаш», «Желтоқсан» ұйымдары құрылып жатты. Шымкентте Терещенко бірінші хатшы. Шымкентке келсем, қаптаған орыс мектебі. Сол кездегі қаланың басшылары – Тшанов бар, басқалар бар, бәріміз болып бітірген ең негізгі жұмысымыз – Шымкенттегі көшелер мен мектептерге Алаш арыстарының есімдерін бергіздік. Алаш арыстарының ұл-қыздарының барлығымен мектеп оқушыларының кездесулерін ұйымдастырдық. Арыстардың ұрпақтары біздің тірлігімізге риза болғандықтары сондай, көздерінен жас парлап отырып сөйледі. Кейін бізді үйлеріне шәйға шақырып, жақын араласып кеттік.

– Сіздердің кездеріңізде жастар ұйымдары үлкен күш болатын. Сондай ұйымдар қазір де бар. Алайда, бүгінгілер комсомол ұйымдарын алмастыра алды деу қиын. Егер жастар ұйымдары керемет жұмыс істеп тұрса атасы қазақ жастарымыз «жиһад» деп Сирияға қаңғырмас еді ғой. Сіз қоғам қайраткері ретінде қазіргі жастар ұйымдарының жұмысын қалай бағалайсыз?

– Бір мәселе, Тәуелсіздігімізді алған уақытта «бізді жан-жағымыздан темір құрсаумен қысып тастаған» дедік-дағы, барлығын бет-бетімен жіберіп алдық. Шын мәнінде де комсомол ұйымдары дегенде, олар тіліміз бен дінімізден шектеп тастады деп, жастарымыздың еркін өсуін қалап, шамадан тыс еркіндік беріп алдық. Бұл турасында Елбасымыз да алдыңғы жылғы Жолдауында қадап-қадап айтты. Жуырда «Жас Отанның» бір жиынына қатыстым. Шынымды айтайын, жиыннан «тәуба!» деп шықтым. Жастарымыз көп өсіпті. Бұрындары Астанада әр мектепке соңғы қоңырауда, алғашқы қоңырауда «Болашақтың» түлектері келеді. Сол жиындарда қазақша сөйлейтін «Болашақтың» бір баласы табылмайтын. Бәрі орыстілді болып келетін. Кеше ғана «Хабарда» өткен бір бағдарламаға қатысқанымда жиырма шақты «Болашақ» түлектері бәрі қазақша сайрап отыр.

– Жаңа жылға ай бұрын дайындаламыз. Неге Тұңғыш Президент күніне жаңа жылға дайындалғандай ғып дайындалмаймыз?

– Бұл да сол идеология мәселесіне келіп тіреледі. Мұны енді толық мойындаймыз. Қазір облыстарда әкімдердің идеология саласы бойынша бір емес, бірнеше орынбасары отырады. Бара қалсаңыз қайсысынан нені сұрарыңызды білмейсіз.

Кезінде осы ұлттық идеология мәселесінде Өзбекәлі Жәнібековтей ағаларымыз қалай жұмыс істегенін жақсы білеміз. Кейін Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтанов сынды азаматтар да осы салада айтарлықтай тер төкті.

Жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жетеді. Сондықтан, идеология саласын жүрегіне ұлттық рух нәрін сіңірген азаматтар ғана басқаруы керек. Бізде осы мәселе тұрғысынан біраз кемшіліктер байқалып жатады. Үкіметте, Президент Әкімшілігінде, жергілікті атқарушы билікте отырған азаматтар алдыңғы ағаларын үлгі тұтуы керек деп ойлаймын.

– Әлемде әйелді қазақтай құрметтеген халық кемде-кем. Әсіресе, қыз балаға қатты көңіл бөледі. Бірақ, гендерлік саясат деп тым шектен шығып бара жатқан жоқпыз ба? Әйтеуір гендерлік саясат екен деп, ұлтының кім екенін жөндеп білмейтін замандастарымызды да билікке араластыра бастадық. Осындай гендерлік саясат біздің қазаққа не береді?

– Жалпы, көрші мемлекеттер қазақ халқының барлық мықты тұсын да, осал тұсын да шұқшия зерттеген. Кезінде Ыбырай Алтынсаринге патшалы Ресей қаражат жіберіп, әйелдерді, қыз балаларды орысша оқыту мәселесін тапсырады. Солай алғашқы интернаттар ашылды. Пиғылы бөтендер бұл қадамға не үшін барды? Олар біздің қазақтың қызын ұлықтағанын жақсы білген. Өйткені отбасында Ана орысша сөйлесе, бүкіл отбасы орысша сөйлейді. Кеңес өкіметінің кезінде де қазақтар қыздарын оқытуға тырысты. Қыз бен ұл қашанда тең десек те алдымен қыз баланы оқытамыз. Барған жерінде қор болмасын, көргендігін, көзі ашықтығын көрсетсін дейміз.

Сол кезде пединституттардың гуманитарлық факультеттері болмаса басқа жоғары оқу орындарының бәрінде сабақ орыс тілінде жүретін. Қазіргі билікте жүрген қыздар сол кезде оқып, білім алғандар. Бірақ, қай жаста болса да қазақша үйренуге болады. Тек қана қай тірлікке де ыждаһаттылықпен кірісу қинау керек.

Осындайда біздің Елбасымызға мың да бір рахмет айтқым келеді. Соңғы он бес жыл бойы әйелдер ісі жөніндегі, кейін атын өзгертіп отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссияны құрып, жұмысын жүргізуге жағдай жасап берді. Мен қыздарымызды ұлттық руханиятқа бет бұрғызу мәселесі жөнінде аталған комиссия төрайымы Гүлшара Наушақызына (Әбдіхалықова) арнайы кіріп тұрып айттым.

Ата-аналар арасында қазақ мектебін бітіріп, үлкен жетістікке жеткен отбасыларды дәріптеу жетіспейді. Астанада №38 мектепті ашу кәдімгідей проблема болған. Сол уақыттағы қала әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков осы оқу ордасын қазақ мектебі етіп ашам дегенде, Алматыдан келген 47 қазақ ата-ана қол қойып, «мына мектебіңді орыс мектебі жаса, болмаса аралас мектеп жаса. Қазақ мектебінде білім жоқ, біз баламызды қазақ сыныбына бермейміз» деп қарсылық білдірді. Сенесіз бе, бәрі өзіміздің қазақтар. Сарыарқа ауданы әкімдігінде Өнербек Құрамысов деген жігіт болды. Әділін айту керек, сол жігіт табандап жүріп, әлгі мектепті ақыры қазақ мектебі етіп аштырды. Қазір сол №38 мектеп балалардың үлгерімі, тәртібі, барлығы жағынан алғашқы орында.

Қалған екі тілді білгенімен қазақша ұқпай өсетін балалар біздің бүгінгі қасіретіміз. Үш тілді білу жөнінде Елбасымыз жақсы айтты. Біздің балаларымыз орыс, ағылшын тілдерін білу керек, бірақ ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Осы жөнінде қазақтілді газеттер дүркіретіп жазуын жазып жатыр-ау, бірақ, орыстілді бір басылым жақ ашқысы келмейді.

Марқұм Ақселеу Сейдімбек ағамыздың немересі сол №38 мектепте оқиды екен. Ахаң да сол мектепте арнайы топ ашыпты кезінде. Кейін ағамыз дүние салғанда сол мектептің оқушылары шақыртусыз-ақ келіп, «Аға, сіз айтып кеткеніңізді біз жүзеге асырамыз» деп тұрып сөйледі. Міне, қазақтың балалары қандай?! Пиғылын үлкендер түзесе балалар дегеніңіз балауса шыбық емес пе, майыстырғаныңызға көнеді ғой.

– Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге көп-көп рахмет!

Әңгімелескен – А. БЕКНАЗАРҰЛЫ.

Бауыржан БАЙБЕК: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

4 ақпанда ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің басшылығымен мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған отырыс өтті.

«Нұр Отан» партиясының ХV сьезі барысында өткен кеңейтілген Саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы берген тапсырмаларды орындау мақсатында 4 ақпанда ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің басшылығымен мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған отырыс өтті. Осы мәжіліске қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕКТІ әңгімеге тартқан едік.

sport.nur.kz

Айдос САРЫМ: «ТЕЛЕАРНАЛАРДА ШЫНАЙЫ ЕШТЕҢЕ ҚАЛМАДЫ...»

– Жуырда ғана Қырғыз-Қытай шекарасында тосын оқиға орын алып, қырғыз шекарашылары 11 лаңкесті атып өлтірді. Осы оқиға мен «Арқанкерген» оқиғасының арасынан ұқсастықтар көрмейсіз бе?

– Екі оқиға да шекарада орын алды дегені болмаса, басқа ешқандай ұқсастық көріп отырған жоқпын. Қырғызстанда қарулы топ Қытайдан бері қарай өткісі келген жерде құрықталып, жойылды. Арқанкергенде кіл қазақтың арасында қорлық пен көтензорлықты көрген Челах жынданып, заставаны қырып тастады.

«TURKILER.COM». БҰЛ – АЛАШТЫҢ АРМАНЫ»

Күні кеше ғана елімізде тұңғыш рет түркі тектес халықтарға арналған алғашқы әлеуметтік желінің іске қосылғанын бұған дейін де хабарлағанбыз. Жобаны жасаушы жұмыс тобының өкілі Бақыт ӘСЕНОВА жаңа әлеуметтік желіге тіркелген қолданушылар өздерінің қауымдастықтарын құрып, фото және бейнероликтермен алмаса алатынын айтады. Жалпы, Бақыт Елубайқызының осынау мәселе тұрғысында айтары аз емес. Сондықтан біз оның өзімен тікелей тілдескенді жөн көрдік.

«ТЫҢДАУШЫ ТҮЗЕЛМЕЙ, ӨНЕР ӨРКЕНДЕМЕЙДІ...»

Дәстүрлі ән байқаулары аз болса да еліміздің әр өңірлерінде тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл салаға мемлекеттік қолдау да жоқ емес, еліміздің бас мереке-мейрамдарының бәрінде дерлік алдымен дәстүрлі әніміз шырқалады, терме-толғауларымыз айтылып, күй тартылады, тағысын тағылар... Бірақ, халық арасында тыңдармандар (бар болғанымен) қатары аз. Оның себебі неде?

sports.kz

Алмат БЕКБАЕВ: «ФУТБОЛДЫ АҚША ТАБУ ҮШIН ОЙНАМАУ КЕРЕК»

Атақты «Қайратты» «Қайрат» қылған ақберендердiң бiрi Құралбек Ордабаев дейдi футболсүйер қауым. Расында да, кешегi кеңес дәуiрi кезiндегi «Қайраттың» ойыны талайды тамсандырған едi. Құралбек Ордабаевтың бiр маусымда он бес бiрдей пенальтидi қайтарып, КСРО-ның қайталанбас рекордын жасап кеткенi ел есiнде. Сол тасқамал қазаққа Одақтағы «менмiн» деген футболшылардың ешқайсысының тiсi батпаған едi.

vesti.kz

Мырзағали АЙТЖАНОВ: «БӘРІ ДЫЧКОНЫҢ ӨЗІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ...»

Қазақ бокс жанкүйерлеріне төрт алтын сыйлаған әлем чемпионатының аяқталғанына апта толған жоқ. Алтай мен Атыраудың арасы мәре-сәре болып жатқан осы күндері ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті. Шымкентке, отбасына оралған беті екен.

school.xvatit.com

Қазақша сөйлей беруге бола ма?

(Әзіл әңгіме)

Ауылдан көшіп келген,көп балалы, орыс тілін нашар білетін қарапайым бір қазақ қалада тұратын оқу оқыған ағасына сұрақ қойып отыр:
-Аға деймін, бір сұрағым бар еді, қояйын ба?
-Қоя ғой, қой сұрағың болса,-деді ағасы.
-Аға, ауылдан көшіп келіп едім, мына жағымыздағы пәтерде орыс тұрады екен,соған қазақша сөйлей берсем бола ма, болмай ма?Сұрағым осы еді, -деді ауылдан келген қазақ.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші