Таныс әрі бейтаныс - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Таныс әрі бейтаныс

Таныс әрі бейтаныс

rus.delfi.ee

МҰНЫ САЯСАТ ДЕЙДІ...

Бүгінде орыс пен украин бір атаның балаларына ұқсамайды. Бірінің етін бірі жеп жатыр. Орыс пен украинның қақтығысына зер салған адам мемлекеттердің арасындағы дау-дамай да адамдардың арасындағы дау-дамайдан аумайтынына көз жеткізер еді. Парасат биігінен қараса шешімін табатын-ақ проблема. Бірақ жанжалға бір кіріп кеткен адам парасаттан шығып кетеді емес пе?! Мемлекеттеріңіз де дәл сол екен. Ресей мен Украина парасат дейтін шеңберден әлдеқашан шығып кетті. Мұны біреулер әлдеқандай қылып саясат дейді. Саясат дегеніңіз бір империяның басқалардың қолымен от көсеу арқылы екінші бір мемлекеттің тыныштығын ұрлауы болса, «қойын құрттап, айранын ұрттап» өзімен өзі отырған елді қанға бөктіруі болса, ондай саясатқа «рахмет!» дей салу керек қой.

svpressa.ru

ӘЛЕМДІ ӘЙЕЛ БИЛЕСЕ...

ҚазАқпарат шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге сүйене отырып, «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 2016 жылы қызметінен кеткен соң бұл лауазымға Жаңа Зеландияның бұрынғы Премьер-министрі Хелен Кларк өзінің кандидатурасын ұсынуы мүмкін» деп хабарлады.

facenews.ua

«ОРЫСТАН ДОСЫҢ БОЛСА...»

«Халық жасақтарымен» қарулы қақтығыс жүргізіп жатқан Украина шығысынан айрылмас үшін қам қылып жатыр. Путин шекарадан әскерін әкетсе де «халық жасақтары» қалып қойды. Дегенмен, Путин Украина жеріне қайтадан әскер кіргізетін сияқты. Путин олай етпесе, орыстардың басылатын түрі жоқ. Кеше Ресей астанасы Мәскеуде бес жүздей адам Путинге «Украинаға әскер кіргіз» деп ереуілдетіп көшеге шықты.

1tv.kz

«БІРІНШІ АРНАНЫҢ» БҮЙРЕГІ КІМГЕ БҰРАДЫ?

Ертең басталатын Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатын еліміздің бірнеше телеарнасы көрсеткелі отыр. Солардың бірі – «Еуразия бірінші арнасына» қатысты әлеуметтік желілерде әңгіме қозғала бастады. Футбол додасының басталуына небәрі екі күн қалғанда телеарна орыстілді комментаторлар – Сергей Райлян мен Евгений Акмановты көрсетілімдерге комментатор етуден бас тартқан. Ал, олардың орнына аттай қалап Ресейден екі комментатор алдырып отыр. Осыдан соң отандық комментаторлар арасында да телеарнаға деген теріс пікір қалыптасып үлгерді.

1tv.ru

УКРАИНА ШЕШЕНДЕРДЕЙ БОЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ

Бүгінде Украинадағы шығыс үшін шайқас қарапайым қақтығыстардан кәдімгі азамат соғысына ұласып кетті. Бір тарап өз жерін азат ету үшін ұрысқа түсіп жатса, екінші Ресейшілдер жағы еріксіз басып алып, жаңа мемлекет орнату жолында жанын беруге даяр тұр. Бұл тартыстың соңы немен тынарын әзірге болжап айтқан ешкім жоқ. Бірақ, екі тараптың арасындағы қарулы қақтығыс уақыт өткен сайын ұлғайып барады. Енді, міне, ресейшілдер тобына орыстардың өзінен бөлек, шешендер де келіп қосыла бастады.

planeta.moy.su

ЖЫМИЫСТЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ НУ ЖЫҚПЫЛ...

Туасы, қардың басын қар алатыны рас. Қазір бүкіл әлемнің көзіне Қырымды екі-ақ шайнап, бір-ақ қылғытқан Ресейден мықты ешкім көрінбей тұр. Оларға барлық нәрсе оңай сияқты. Алайда, қасқырдың өзіне де үнемі оңай бола бермейді. Біздің сөзімізге қазір иланбауыңыз мүмкін, бірақ, қасқыр ұлыған түні бәрібір иланасыз.

np.kz

Қарлығаш НЫҒМЕТОВА: «МАГНИТІМЕ КҮДІКПЕН ҚАРАЙТЫНДАР ӘЛІ ДЕ БАР»

Құдай Тағала бір адамдарға байлықты бере салады, ал бір адамдарды кедей қылады. Әлбетте, мұның бәрі сынақ үшін. Бірақ, Жасаған Иенің адам баласына деген сынағы тек байлық пен кедейліктен ғана тұрмаса керек. Кей кісілердің бойынан қарапайым адамның бойынан кездесе бермейтін ерекшелік байқаймыз. Бәлкім, бұны сынақ емес, Жаратқанның сол адамға «қарызға» берген қасиеті деуіміз керек шығар. Не десек те ондай «қарызға берілген» қасиеттің өтеуі де болуы керек емес пе?! Ендеше оның өтеуі ештеңеден мұқтаждық көрмейтін Аллаға емес, жердегі түрлі ауру-сырқатқа душар болатын адамдар алдында болуы тиіс. Иә, солайы солай. Дегенмен, ең бастысы, әр адам өз бойындағы сол қасиетін сезініп, оны орынды қолдана білсе, һәм Жаратқаннан келген сол қасиетін дәлелдеу жолында табандылық таныта білсе, міне, ең маңыздысы да сол болса керек. Осы ретте, біздің кейіпкеріміз – оралдық шипагер Қарлығаш НЫҒМЕТОВА әлгіндей ерекше қасиеттің иесі десек болғандай.

personadrive.ru

АҢЫЗДАР МЕН АҚИҚАТТЫҢ МЕКЕНІ

Әр төбеге, әр биікке көтерілген сайын алдыңнан шығып, үн-түнсіз мүлгіп тұрған туған өлкеңнің ескерткіштері... Қай шебердің қолынан шыққаны белгісіз, бірі – арада бірнеше ондаған жылдар өтсе де міні құрымай әлі тұрса, бірі – сол уақыт үрдісіне шыдамай желден, жаңбырдың, қардың суынан мүжіле бастапты. Бір жағы опырылып түскен ескерткішті айнала жүріп, кезінде көрерге көз керек асыл туындының қазіргі күйіне ішің удай ашиды. Белгісіз шебер өзінің ой-арманын да, өз халқының салт-дәстүрлерінің ең озық үлгілерін де тоғыстырып әкеліп, тастың бетіне өрнек қылып төгіпті. Үңіле бергің, көре түскің келеді. Құлағыңа алыстан еміс-еміс бір сарын келгендей. Сол сарын ғасырға жуық уақыттан соң артынан келіп тұрған, алдындағы ескерткіштің кімге арнап салынғанынан да, оның кезіндегі тарихынан да мақұрым жолаушыға жол табар бағытты көрсеткендей. Ол жол-кезінде mac бетіне өрнектеліп оймышталған жазулар. Қазір олардың алды кетіп, кейбіреулері көмескі тарта бастаған. Сол жазуға үңіліп, оқи білсең ғана сүрлеуге түсетінің, іздеген бағытыңа бет аларың анық. Алған бағытыңнан тағы да ауытқып кетпеуің үшін тек жазуды оқи білу ғана емес, осы Маңғыстаудың Қаройы мен Үстірт үстін мекендеген ата-бабаларыңның ру-шежіресін жете білуің тағы керек екен. Сонда ғана әлгі құлап жатқан ескерткіш саған жөнін айтады екен, бір жағы опырылып төбешікке айналған туынды өз еңсесін көтере бастайды екен. Өзіне деген сенің шексіз сүйіспеншілігіңді, тынымсыз ізденісіңді сезгеннен кейін ғана құпиясын ашады екен. Ал, қызық үшін жол кезіп жүргенге сол сырын ашпас, мәңгілік мүлгіген күйінде жата береді екен.

ЕРНАР – ЕРЛІКТІҢ СИМВОЛЫ

Әлдекімдер ойда жоқ байлық пен бақытқа бірден кенеле қоймадық деп армандап жатады. Иә, кім бай-бақытты болғысы келмейді дейсіз?! Бірақ, көп адамдар қамшының сабындай ғана қысқа өмірде адамның денсаулығынан асқан қымбат еш нәрсе жоқ екенін естеріне алмайтыны өкінішті. Ал мұндай адамдар кімдер? Әрине, он екі мүшесі сау, өмір айдынында еркін жүзіп жүрген жандар. Ал, оның қасында мүмкіндігі шектеулі, яғни оқыс жағдайдан мүгедек болған немесе туғаннан кемтар жаралған жандардың көкірегінде қандай арман бары айтпаса да түсінікті.

criminalnaya.ru

«МАҒАН ҒАШЫҚ БОЛСАҢ – ӨЗ ТҮБІҢЕ ЖЕТЕСІҢ»

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет – Кеңес Одағы саналатын. Себебі, КСРО қылмыс көрсеткіштері бойынша Батыс елдерінен әлдеқайда артта болды. Тіпті, Одақ халқы «арнайы тапсырыс бойынша адам өлтіру», «есірткі тасымалдау» деген ұғымдардан мүлдем хабарсыз еді. Бірақ, КСРО-ның ішінде де өз «таланттары» жетіп жатты. Солардың бірі – ел арасында «Робин Гуд» атанған, ұры, шапқыншы, қанішер Сергей Мадуев болатын.

news.ifeng.com

ҚЫЗЫ ШЕШЕСІНІҢ «РЕКОРДЫН» БҰЗДЫ

Естімеген елде көп деген осы. Әлем елдері 12 жасар жас қыздың өмірге бала әкелгені туралы жарыса жазуда. Бұрындары ата –бабаларымыз «он үште отау иесі» деп жатушы еді. Алайда, бұл он үш жасыңда бала тауып, әке-шеше атану деген мағынаны бермейді. Есің кірді, етегің жабылды. Енді бір отбасыңа еңбек ет дегені болса керек.

vashprazdnik.org

СЫҒАНДАР МЕМЛЕКЕТІ ҚҰРЫЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Әлемде әлі күнге дейін өзінің тұрақты мекені жоқ, тарыдай шашылып жүрген халықтар баршылық. Ел болып ұйыспаған солардың бірі – сығандар. Бұрынғы замандардан бері ән мен биді серік етіп келе жатқан сығандар тарихы түрлі құпияға толы. Әрі олар туралы пікірлер де әрқилы. Жалпы біз сығандар туралы не білеміз?

ru.wikipedia.org

МАҢҒЫСТАУ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ

Өлкемізде алғаш мұнай көздері ашылып, оны игеруге жан-жақтан ағылып келген сол жылдардың жастары, қазір самайларын қырау шалған ақсақалдар қиындық пен қызыққа толы жастық шақтарын елжірей отырып еске алады. Бұл қазір айтуға ғана оңай.

Өз жерінде бұрам ағашы жоқ, сусыз аймақта, жарықсыз, жылусыз жеркепелердегі алғашқы тұрғындар еңбегі кейінгі ұрпақтар үшін ертегілердей елестеуі заңды да. Жалпылдақ жайдақ шамдар жарығында, сексеуілден жасалған шырша қасында жаңа жылды қарсы алған арман қуған жастар сол тұста, бәлкім бұл қалада бір кездері үлкен ботаникалық бақтың орнап, «ит байласа тұрғысыз, осы бір құлазыған иен далада» жасыл желек жамылған әдемі қаланың орнарына бірі сенсе, бірі сенбеген де болар. Бірақ олар сонау бір жылдары қаланың алғашқы іргетасын қалағанда өз үйлерінің жанына теңіздің арғы жағынан мәпелей әкелген көшеттерді отырғызуды да ұмытқан жоқ. Қала тұрғындары осындағы үлкен мекеменің басшысы Рубен Арамаисович Григорянның алғашқы кәсіпорынның жұмысын көзден таса қылмаумен қатар, көктемде гүлдер шешек жарып, ағаштар жапырақ жаюы тиіс екенін бір сәт те ұмытпағанын айтады. Тіпті ол алғашқы тұқымды тұрғындарға өз қолымен үлестіріп те беріпті. Бірақ, ертегідегіше күн санап, сағат санап өсіп келе жатқан қаланы жасыл желекпен көмкеру үшін бұл қалада оны қамтамасыз ете алатындай іргелі мекеме керек еді. Ал, ондай мекемені ашу үшін үлкен билікте отырғандардың оң көзқарасы, бәрінен бұрын ертеңге деген сенімі,ең бастысы, осы бір қиян шеттегі шөлейт өлкеге деген сүйіспеншілік керек еді. Ондай қайырымды адам табылды да. Ол Маңғыстау жерінде іргелі қаланың орнап, өндіріс орындарының ашылуына көп еңбегі сіңген, сол кездегі Одақтағы беделді Орта машина жасау министрлігінің басшысы, үш мәрте Еңбек Ері Е.П.Славский болатын. Ол жазушы Медеу Сәрсекеевке берген бір сұхбатында өндіріске қажетті жабдықтарды теңізбен жеткізіп, дайын өнімді ұшақпен алып кетуге де болатын еді, бірақ Маңғыстаудың болашағына сенімді Қ.И.Сәтбаев мені осында темір жол салдыруға көндірді дейді. Сол Маңғыстаудың болашағына қашан да бүйрегі бұрып тұратын Е.П.Славский ботаникалық бақтың да ашылуына мұрындық болды. Әрине, түбекте ботаникалық бақты ашу мәселесін алғаш көтерген академик Николай Васильевич Цицын өз досы Ефим Павловичке осынау өлкеде ашылар болашақ бақтың ғылыми құндылығын, оның маңызды болашағын жете түсіндірген де болар. Осы келісімдер нәтижесінде КСРО Министрлер Кеңесінің ғылым мен техника жөніндегі комитеті 1970 жылғы 1 желтоқсанда өзінің №61 бұйрығымен Ақтау қаласында ботаникалық бақ ашуды шешті. Ал, келесі жылы, 1971 жылғы 9 наурыздағы №129 қаулысымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі алдыңғы жылғы КСРО FA шешімін басшылыққа ала отырып, Қазақ КСР ҒА-ның Ақтау ботаникалық бағын ашу жөніндегі шешімін шығарды. Осы сатылы шешімдерден өтіп ашылған Маңғыстау ботаника бағы 1972 жылдың наурыз айынан бастап өзінің алғашқы жұмысына кіріскен еді. Алғашқы кезеңдерде жаңадан ашылған мекемеге бөлінген қызмет үйлері де, оны электрмен, сумен, телефонмен қамтамсыз ету де, тіпті ғылыми қызметкерлерге берілетін жалақы, тұрғын үйлер де тау-кен комбинатына жүктелген еді. Бірақ басы жақсы басталған жұмыстың аяғы сұйыла бастады. Ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілгенмен, қаланың ортасынан салынар үлкен бақтың құрылысы тоқтап қалған еді. Ондай күрделі құрылысты салуға тау-кен комбинаты ақша бөлмеді. Міне, осындай қиын кезеңде 1979 жылы ботаникалық баққа директор болып Мәкеш Әбдіхайымқызы Қонғанбаева келді. Өз мамандығына деген терең сүйіспеншілігі бар, жанына етене жақын қызметтегі адамдардың сол салада ұзақ жылдар істеп, бар өмірін сол мекемемен байланыстыратыны әуелден белгілі. Олар үшін анау бір жылдары қаланған кірпіш те, жел өтінде майысып өскен кішкене шыбық та көзіне ыстық. Тәй-тәй басқан баласын ат жалынан ұстатып, ерге отырғызған ата-анасы сияқты, өзі тұтқасын ұстаған жұмыстың іргелі мекемеге айналуына бар өмірін арнады. Әсем табиғатты Талдықорған жерінде өмірге келіп, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін сол жерде бас агроном болып қызмет істеп жүрген Мәкеш апай Маңғыстауға барам, сол жерге сіңісіп, оның ажырамас бір бұтағына айналам деп ойлап па еді, сірә. Өмір бойы мемлекеттік құпия сақтау саласында қызмет істеген қосағының Маңғыстауға жұмсалынуына орай осы жерден бір-ақ шықты. Үйренісе алмай, артына алағызған кездері де болды. Бірақ, өз ісіне деген сүйіспеншілік, тынымсыз еңбек өз толқынымен ілгері алды да кетті. Осы күндері ойлап отырса біршама істерге ұйытқы, бас болыпты. Тау-кен комбинатынан көмек болмағасын болашақ салынар ботаника бағына арнайы рұқсат алу үшін сонау Мәскеудегі министрлікке, Е.П.Славскийге баруға тура келді. Құдай сәтін салғанда жолы болып, көп орынбасардың біріне емес, үлкен басшының өзіне кірді. Бар жастық жалыны, өмірінің жемісті жылдары Маңғыстаумен байланыста болған министр, алыстан келген маманның сөзін жерге тастамады. Қайта қолтығынан демеп, көмек көрсетуге уәде берді. Содан дуалы ауыздан шыққан бір сөз жемісін берген-ді. Қаржы мәселесі шешіліп, көлік бөлінді. Еңбектенген басшыға да, Маңғыстауда ертеңгі көктеп, тамырын жаяр өсімдіктерді жерсіндіретін ғылыми қызметкерге де толассыз жұмыс басталып кетті. Болашақ өсірер қолайлы ағаштарды таңдап алу, арнайы агротехниканы жете зерттеу қиынға соққан кезеңдер де болды. Ғылыми қызметкерлер түбек төсін әрлі-берлі түгелдей шарлап өтті десе де болады. Сол кездегі Одақ бойынша оның түкпір-түкпірінде орналасқан 114 ботаникалық бақпен де байланыс орнатылды. Жер-жерден тұқымдар алынып, шөл даланың қатал табиғатына бейімделе білген өсімдіктердің тұқымдары даярланды. Сондықтан да тәжірибені көптеп жүргізуге тура келді. Ғылыми қызметкерлер осы бір бет қаратпас аязды, аңызақ ұрған құрғақ желі басым аймақта отырғызылатын ағаштар мен бұталардың бірнеше қызмет атқаратын түрін табуға тырысты. Өйткені, ол ағаштар, тек көз қуанышы болып қоймай, адамдарды көлеңкесімен қорғап, ең бірінші жел соққысын қабылдап, ауаның ылғалдылығын реттейтін болуы керек еді. Кейде осы қалада оның алғашқы қазығы қағылғаннан бері келе жатқандар, осы күндері баяғы сортаңды ащы шаңдардың көп болмайтынын айтады. Оны өздерінше табиғаттың өзгерісі деп ұғады. Бәлкім олар жол жиегінде орналасқан жыңғыл мен итмұрындардың желдің соғу тәртібін реттеп, шаң-тозаңдарды өзіне жинап, ауаны тазартып тұратынына мән бермейтін де болар. Анау бір жылдары осы Ақтау қаласында бірнеше ғылыми конференциялар өткізіліп, қол жеткен жетістіктер сарапқа салынушы еді, тәжірибелер ортаға, көпшілік назарына ұсынылатын. Осы отыз жыл ішінде ботаникалық бақтың сынағынан өткен ағаштар мен өсімдіктер тек Ақтау қаласы ғана емес, түбектің түкпір-түкпіріндегі елді мекендеріне отырғызылып келеді. Өтпелі кезеңнің қиын жағдайы еліміздегі көптеген осындай бақтардың өз жұмысын тоқтатуына әсерін де тигізді. Өзін құрдымға жібермей, ұстап қалу үшін де білгір басшылық, ұйымдастыра білетін қабілет керек. Қазір біздің елімізде Алматы, Жезқазған, Лениногорск, Елисейск, Ақтау, Қарағанды бақтары ғана өз мүмкіндігін жоғалтпай жұмыс істеп тұр. Оған белгілі бір дәрежеде ірі кәсіпорындардың септігі тиіп отырғаны рас. Әсіресе, «Маңғыстаумұнайгаздың» көмегін ерекше атауға болады.

Ботаникалық бақ ішінде Маңғыстау топырағын әлдеқашан жерсінген, тамырын тереңге жайған тораңғы ағашы кеп өседі. Соны аялай сипалаған биология ғылымының кандидаты Мәкеш апай да өз тамырының әулиелі мекенде тереңге жайылғанын мақтаныш тұтады.

Отыншы КӨШБАЙҰЛЫ

МЕРКЕЛЬДІҢ СЫЙЛЫҒЫ ҺӘМ СИ ЦЗИНЬПИННІҢ АШУЫ

ҚХР Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, жері кең, халқы көп ірі мемлекеттің бірі. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен ел.Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші.

artlib.ru

Көкжал Барақтың жерленген жері табылды

Барақ есімді адамдардың саны оннан астам. Олардың іс әрекеттерін бір біріне ауыстырып Әбылқайыр ханды өлтірген Сұлтан Барақпен Көкжал Барақты шатастырып келді. Соның әсерінен Бәделғожа Тұрсынбаевтың «Көкжал Барақ» поэмасы Қолжазба күйінде архивке тығылып қалды. Ақынның өзі қуғынға ұшырады.

http://thenews.kz

«Қазақстандық маргиналдар» деген кімдер?

Жеке адамның маргиналдығы индивидтің белгілі бір әлеуметтік топқа толық кірмеуімен сипатталады: кіргісі келетін тобы оны бөтенсініп, толық қабылдамайды, ал, өзінің «туған» әлеуметтік ортасы оны сатқын ретінде санап, теріс айналады. Осылайша, индивид бірнеше топтың өмір салты мен дәстүрлерін шала-шарпы ұстанып, дүбәра күй кешуге мәжбүр болады. Маргиналданған индивидтер көбейе келе, маргиналдық топты құрайды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші