Жаңа күн - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Жаңа күн

Жаңа күн

arnapress.kz

ОҚУШЫЛАР 12 ЖЫЛ ОҚИТЫН БОЛДЫ

Келер жылдан бастап еліміздің білім беру жүйесінде 30 мектеп 12 жылдық үлгіге көшпек. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, 2016 жылы еліміздегі мектептердің бәрі осы үлгіге толығымен көшіп болуы тиіс. Ал, сынақ түрінде енгізілетін 30 мектептің ішіне қалалық та, ауылдық та мектептер кірмек.

newtimes.kz

МИРЗОЯН КӨШЕСІНІҢ АТЫ АУЫСАТЫН БОЛДЫ

Астанада қаласында Мирзоян көшесінің атауын ауыстыру жөнінде әңгіме қозғалғанына біраз болды. Негізі, өткен жылдың күзінде-ақ аталған мәселе бойынша көше атауын қазақ ғалымының атына беру жөнінде әңгіме қозғалған еді. Алайда, оған жергілікті армян диаспорасының өкілдері қарсылығын білдірген.

newtimes.kz

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒЫС УКРАИНАҒА ЖЫЛУ ЖИНАП ЖАТЫР

Елімізден Украинаға гуманитарлық көмек жіберілмекші. Бүгінде Шымкент тұрғындары қақтығыстардан қара жамылып отырған Шығыс Украина жұртына жылу жинап жатыр. Ал, мұндағы жиылған ішіп-жем, киім-кешек, керек-жарақтың бәрі соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан оңтүстік-шығыс өңірдің тұрғындарына жіберілмек. Оны жеткізетін арнайы көліктер де дайын.

inform.kz

ЕРХАН – ҚАЗАҚТЫҢ ВУНДЕРКИНДІ!

Қызылорданың 5 жасар тұрғыны Ерхан Исламбектің математикаға деген ынтасы зор. Есте сақтау қабілеті де таңғалдырады. Ол миллионға дейінгі есептерді ойша шешіп, шемішкедей шағады.

serke.org

ҰБТ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОТЫЗ ПАЙЫЗЫ ҚАТЫСПАЙДЫ

Бүгін еліміз бойынша мыңдаған мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр. Ұлттық тестілеу орталығы деректеріне қарағанда, биыл ҰБТ-ға 92077 түлек қатысуда. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 72 пайызын құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде тапсыратындар қатары – 63603 те орыс тілінде тапсыратындары – 28474. Айта кетейік, биыл ҰБТ оныншы рет өткізіліп отыр.

ЖАС ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛА МА?

Таң азаннан бері Астанадағы Мирзоян көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұғудың өзі мұң болып қалды. Себебі... Бүгін мұнда жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша құжаттар қабылдау басталды.

gornovosti.ru

І ПЕТРДІҢ БОЙЫН ӨЛШЕЙТІН БОЛДЫҚ ПА?

Көптен сөз болған Еуразиялық экономикалық одаққа кеше Қол қойылғанмен, Одақ әлі өз жұмысына кіріскен. Старт келер жылдың басына жоспарланып отыр. Тараптардың өзара келісіміне сәйкес, мұнда әңгіме тек алыс-беріс тауарлар төңірегінде ғана жүруі тиіс. Солай десек те Ресей жағы осыған дейін жоспарлап қойғандай-ақ, жалма-жан түрлі жобаларын қолға алып жатыр. Кеше ғана Ресей федералды тестілеу орталығының директоры Сергей Пономаренко да тосын жаңалықтың бетін ашты.

abkhaziya.org

«РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУ ТІПТІ МҮМКІН ЕМЕС» – АБХАЗИЯ БИЛІГІ

Ресей Қырымды өз аумағына қосып алып жатқанда, Абхазияда да оппозиция бас көтерді. Ресейлік ақпарат көздерінің хабарлауынша, мемлекеттік билікке қарсы шыққандар ел президенті мен үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

АҚТАУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҮЙ БЕРДІ

Ақтауда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үлкен сый жасалды. Нақтырақ айтқанда, қала әкімі Еділ Жаңбыршин Ұлы Отан соғысының үш бірдей ардагеріне бір бөлмелі пәтер кілттерін ұстатты.

polit.ru

ПОРОШЕНКОНЫҢ БАҒЫ ЖАНДЫ, УКРАИНАНЫҢ ШЕ?

Өткенсіз адам болмайтыны сияқты, тарихсыз мемлекет болмайды. Тарихы үшін ұялмайтын, керісінше мақтана алатын мемлекеттердің бірі  Украина еді. Алайда, алдағы уақытта болашақ ұрпақтарының алдында оларға да қызаруға тура келетіндей. Сыртқы дұшпандарына ішкі бірлігін бір-ақ күнде алдырған Украина бүгінде тарқасын болудың аз-ақ алдында тұр. Ел билігі шығысқа бақылауды әлдеқашан жоғалтып алған. Батыс аймағының өзінің не болатыны бір Аллаға ғана аян.

altaynews.kz

БІЗДІ СОЛТҮСТІК КҮТЕДІ

Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі халық саны 2050 жылға қарай миллион адамға дейін азаюы мүмкін көрінеді.Бұл-көшенің әңгімесі емес. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымованың аузынан шыққан лепес. Мәдина ханым осынау болжамын Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында жария етті.

ӘЛЕМДІК САПАҒА ҮДЕРЕ КӨШІП ЖАТЫР...

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 856 кәсіпорын сапа менеджменті жүйесін енгізіп болды. Бұл жайында техникалық бақылау және метрология комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті директорының уақытша міндетін атқарушы Тілектес Атшыбаев мәлім етті.

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысы әкімдігінде жаңа тағайындау орын алды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Бану Нұрғазиева облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды.

362kz.kz

АҚТАУ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА

Ақтау беделді халықаралық конференцияның өтетін қаласы болмақ. Нақтырақ айтқанда, 22-сәуір күні Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршин мен «Біріккен қалалар және жергілікті билік» ұйымы Еуразиялық бөлімінің Бас хатшысы Р.Сагитов Бүкіләлемдік ұйымының VII Халықаралық конференциясын Ақтауда өткізу туралы келісімге қол қойды.

ӘҢГІМЕ ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖАЙЫНДА

Ақтауда өңірлік семинар-кеңес аясында «Нұр Отан» партиясының өкілдері партия жобалары жүзеге асуының аралық қорытындыларын талқылады. Партияның орталық аппараты мен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық филиалдарының өкілдері бас қосқан жиында 12 жобаның мән-жайы қаралды.

kazaitys.kz

МАҢҒЫСТАУДА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

Жыраулық өнер бекіген орта – Маңғыстау облысында кеше республикалық ақындар айтысы өтті. «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған ақындар айтысы аймақ-аймақта өтіп жатқаны естеріңізде болар. Мұның алдында Жетісуда, Талдықорған қаласында өткен ақындар додасы бұл жолы Маңғыстау облысына да келіп жетті.

ОБЛЫСТЫҚ СОТТА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ

Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот коллегиясында жаңа басшы тағайындалды. Бұдан былай аталған қызметті Рахметолла Сайфоллаұлы Хайруллин атқарады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Досжан Әмірев хабарлап отыр.

НАЙЗАБЕКОВ НАҒЫЗ АЗАМАТТЫҚ ЖАСАДЫ

Ақтау қаласында жеке капитал қаражатына салынған жаңа әмбебап спорт кешені ашылды. Небәрі 90 күн ішінде салынып біткен спорт кешені өңірдегі белгілі спортшы, Бүкілқазақстандық кекушинкай-каратэ ұйымының президенті Тәжімұрат Найзабековтың жеке қаражаты жұмсалған.

newtimes.kz

КОМПОЗИТОР ІЛИЯ ЖАҚАНОВ МАГИСТР АТАНДЫ

Батыс өлкеміздің бейресми әнұранындай болып кеткен «Еділ мен Жайық» әнін білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақстан мен Қырғызстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, өнер зерттеушісі, жазушы, публицист Ілия Жақановтың осы бір тамаша туындысы әрбір қазақтың жүрегінен орын тапқан еді. Қазақ ән өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар белгілі композитор ағамыз енді кәсіби суретші деген атқа да ие болды.

362kz.kz

ҚАРТ КАСПИЙДІҢ ҚАРАУЫЛДАРЫ...

Еліміздің Әскери-теңіз күштері туралы сөз болғанда бірден Маңғыстау облысы ойға оралады. Бес мемлекеттің басын қосқан қарт Каспийдің бетінде әр ел өзінің шекарасын мұқият күзетеді десек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері де сол мәндетін абыроймен атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен құрылған бұл алып құрылым еліміздің негізгі әскери нысандарының бірі болып табылады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші