$ 445.66  474.58  4.78

Биыл БҚО-да 1200 отбасы баспаналы болады

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл Батыс Қазақстан облысында 1200 отбасы қолжетімді бағадағы баспанаға ие болады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Үкімет мүшелерімен бірге БҚО-ға арнайы жұмыс сапарымен барған министр өңірдегі тұрғынүй бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқанын мәлімдеп отыр.

«Осы жылы облыста 90 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, кезекте тұрған 1200-ден астам отбасына қолжетімді бағамен баспана беріледі деп жоспарланып отыр. Биыл бағдарлама шеңберінде республика бойынша 10 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді (100 мың пәтерді), соның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 1,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді (28 мың пәтерді) іске қосу күтіліп отыр», - деді Ж.Қасымбек өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 2,3 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш.

«Қазір іске қосылған тұрғын үй үлесі бойынша Алматы мен Астана қалалары көш бастап тұр. Облыстардың ішінде Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облысы жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Қалған облыстардан да дәл осындай нәтижелі жұмыс күтеміз. Аймақтық әкімдіктер бағдарлама бойынша жылдық көрсеткішке қол жеткізу үшін министрлік тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», - делінген министрдің мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары