$ 441.66  475.14  4.86

Биыл Алматы облысында 600 отбасылық мал бордақылау алаңы құрылады

Алматы облысында Елбасының Жолдауында айтылған аграрлық саланың 6 кешенді стратегиялық міндетінің орындалу барысы айқындалды. Солардың бірі кооперативтерді дамыту аясындағы отбасылық кәсіпкерлікті өркендету мақсатына бюджеттен 4,1 млрд.теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А.Баталовтың төрағалығымен өткен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы туралы жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов айтты.

Баяндамашының айтуынша, қазіргі уақытта шағын несие алуға ынталы 1290 ауыл тұрғынының тізімі қалыптастырылып, жұмыспен қамту орталығына берілген.

Жалпы, 2017 жылы облыс бойынша 600 отбасылық бордақылау алаңын, 25 сүт қабылдау пунктін, 9 мал сою алаңын, 18 мал азығын даярлау цехын, 7 отбасылық жылыжай мен 6 жеміс қабылдау нысанын ашу жоспарланған. Осы шаралардың негізінде 3 800 үй шаруашылығы мүшелігінің қатыуымен 40 кооператив құрылып, олар тарапынан 600 тонна ет, 3 мың тонна сүт, 5 мың тонна көкөніс, 2 мың тонна жеміс даярлау жоспарланып отыр.

Мал шаруашылығын индустриаландыру үшін 12 мал бордақылау алаңы мен 7 тауарлы-сүт фермасы, 3 құс фабрикасы іске қосылмақ.

Сол сияқты  Жолдау  міндеттеріне орай 2017 жылы суару жүйелеріне жүргізілген күрделі жөндеу есебінен 3,1 мың гектар суармалы егістік іске қосылатын болады, жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 6 мың гектарға ұлғайтылып, 938 мың гектарға жеткізілмек. Бұл көрсеткіш 2016 жылы – 932 мың гектарды құраған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары