Алматы қаласында Қазақстан халықтары Ассамблиясы кеңесі мүшелері мен республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен республикалық кеңес өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Қ.Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары – А.М.Хамедов, Алматы қ. әкімі орынбасары – А.О.Қырықбаев, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық және Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдарының, Ассамблея Ғылыми-сараптамалық кеңесінің, зиялы қауымның өкілдері, БАҚ, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өзге де құрылымдарының басшылары қатысты.
Жиынға келушілер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттер мен мүдделерді талқылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай: «2017 жылғы 26 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті. Елбасы өз сөзінде 2017 жылдың ерекшелігіне тоқталды . Бұл қоғам өмірінің барлық тарабында басталған ауқымды жаңғыруға байланысты. Ел Конституциясына өзгерістер мен қосымшалардың енгізілгені мемлекеттің саяси реформасын, яғни қоғамдық қарым-қатынастарды демократияландырудың жаңа кезеңін іске қосты. Қазақстан халқына Жолдауында Президент экономикалық өсудің жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның үшінші жаңғыруының міндеттерін, ал «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы қоғамның рухани трансформациясына байланысты міндеттері жүктеді. Елбасы атап өткендей: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», - деп атап өтті.
Сөз соңында Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚР «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Халықаралық Ғылым Академиясы мен әлееуметтік ғылымдар Академиясының докторы Князь Мирзоевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы қ. әкімі атынан мерейгерді Алматы әкімі орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы құтықтады.
Бұдан бөлек конференция кезінде ҚХА кеңес құрамындағы этномәдени бірлестіктер мен орталықтардың басшылары сөз алды. Этномәдени бірлестік жетекшілері Елбасы саясаты аясында жүзеге асып жатқан жобалары мен істері туралы баяндап берді. Бұдан бөлек, армян мәдени орталықтары қауымдастығының басшысы Артуш Карапетян, А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры Шавкат Умаровтар ұлттар достастығы аясында атқарылып жатқан игі қадамдар туралы сөз сөйледі.