$ 448.56  478.03  4.79

Елордада X Астана экономикалық форумы басталды

Бүгін елордада халықаралық X Астана экономикалық форумы басталды. Тәуелсіздік сарайында жер жаһанның әр қиырынан келген мамандар, сарапшылар, кәсіпкерлер және Қазақстан Үкіметінің басшылары бас қосып, пікір алмасып жатыр деп жазады Хабар-24.

Астана экономикалық форумы – жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған іскерлік алаң. Өзінің ауқымы жағынан Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ бұл шара алғаш рет 2008 жылы ұйымдастырылған болатын.

Өткен уақыт аралығында форумға 150 елден мыңдаған делегат қатысып, жалпы көлемі миллиардтаған долларды құрайтын маңызды келісімдер жасасты. Қатысушылардың биылғы басқосуы кең ауқымда өрбиді деп күтіліп отыр. Себебі екі күндік форум бағдарламасында көптеген шара ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осындай келелі кездесулердің біріне, яғни «Дүниежүзілік банк: Қазақстанның жүйелі диагностикасы» деп аталатын бірінші сессия отырысына қатысты. Бұл басқосуға қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкілдері де қатысып, өз ойларын ортаға салды. Әсіресе еліміздің банк саласын реформалау міндетіне кеңірек тоқталды. Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерін талқылады. Сондай-ақ еліміздің әл-ауқатын көтеруге және кедейшілікті барынша жоюға бағытталған Дүниежүзілік банк ұсынып отырған бағдарлама таныстырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары