$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстан мен Финляндия арасында тікелей әуе қатынасы ашылды

Қазақстан мен Финляндия арасында алғаш рет әуе рейстері қатынайтын болады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2017 жылдың 18 маусымында «FinnAir» әуе компаниясы Хелсинкіден Астанаға алғашқы рейсті орындады. Финляндияының сыртқы сауда және даму министрі Кай Мюккянен бастаған делегацияның жартысы Астанаға келді. Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайды. Аталмыш рейстер Airbus 319 әуе кемесімен Астанадан  жергілікті уақыт бойынша сағат 05:40-та  орындалады. Екі ел арасындағы рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Финляндияның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды. Халықаралық ЭКСПО-2017  көрмесінің өтуіне байланысты фин тарапына аптасына 7 рейс орындау құқығы берілді. Сонымен қатар, жақын уақытта Финляндия президенті Қазақстанға келеді.

Айта кету керек, «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосқан болатын. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.

Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астана мен Пекин арасын жалғайтын тағы бір жаңа әуе рейсі бұған дейін іске қосылған. Әуе рейстер Эйрбас-320 типіндегі әуе кемесімен аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Аталмыш рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қытай Халық Республикасының авиация билігі бірлескен жұмыстар атқарған.

Анықтама:  JACDEC зерттеу бюросының ақпараты бойынша Финляндияның «Finnair» ірі әуе компаниясы 2012-2013 жылдары Еуропадағы ең қауіпсіз әуе компания атанған және қауіпсіздік жөнінен әлем бойынша екінші орынды иеленген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары