«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» атты бірінші реформасы 15 қадамды көздейді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, оның жүзеге асырылуы мемлекеттік қызметтің жаңғыруының жаңа кезеңінің белгісі. Отандық және шет елдің жетекші сарапшыларының пікірі бойынша осы қадамдардың жүзеге асырылуы қазақстандық мемлекеттік қызметті дамудың жаңа кезеңіне жеткізіп, әлемдегі 30 дамыған елдерінің стандарттарына сәйкестендіреді.
Республиканың басқа да аймақтарымен қатар, Алматы облысында да бүгінгі күні мемлекеттік аппараттың жоғары кәсіби кадрлық құрамы бар. 2017 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 8045 бірлікті құрайды, нақты саны – 7606 мемлекеттік қызметші бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың штат саны –4301, нақты саны – 4108. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат саны – 3744, нақты саны – 3498.
Өткен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациясының нәтижесі олардың барлығы бүгінгі күні жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар екенін көрсетті.
Негізінде, аттестация – мемлекеттік қызметті қалыптастырудағы міндеттерді шеше алатын, халыққа қызмет үрдісіне сай келетін кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған реформаның қисынды жалғасы.
Мемлекеттік қызметшілердің кешенді бағалануы бірнеше мақсатты көздеді. Біріншіден, қызметшілердің кәсіби дайындығының деңгейін анықтау. Екіншіден, қажетті құзыреттілікті дамыту мен мемлекеттік қызметте жоғарылату үшін әлеуетті айқындау.
Өткізілген аттестация бір жолғы және кешенді болды. Одан «Б» корпусының қызметшілерінің барлығы өтті десе болады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 5560 мемлекеттік қызметші аттестациядан өтуге тиіс болды, немесе 73%, қалған 27% Мемлекет Басшысының актісімен аттестациядан өтуден босатылған тұлғалар. Бүгінгі күні аттестестациядан өтуге тиісті қызметшілердің жалпы санынан 5531 мемлекеттік қызметші аттестациядан өтті, немесе 99%.
Бұрынғы өткізілген аттестациядан осы аттестацияның басты ерекшелігі оның кезеңдерінен ішінен заңнамаларды білуге арналған тестілеудің алынып тасталуы. Оның орнына қызметшілер құзыреттілік бойынша бағаланды.
Жеке құзыреттілікті бағалау тестілеуінен өткен 5540 қызметшінің ішінде «Өте жақсы» деген нәтижеге 1363 қызметші қол жеткізді немесе 25%-ы, «Тиімді» - 4028, 72,7%, «Қанағаттанарлық» - 148, 2,6%, «Ең мөменгі» - 1, 002%.
Қызметшінің қандай құзыреті төмен болса, келешекте қызметші сол бағытта біліктілігін арттыру курсынан өтіп, төмен жақтарын дамыту бойынша жұмыс жасайтын болады.
Негізінде аттестацияның өткізілу үрдісіне тоқталсақ. Ол үш кезеңнен тұрды. 1 кезең – бағалау парағының толтырылуы, 2 кезең – тестілеуден өту, 3 кезең – әңгімелесу.
Өткен кешенді аттестаттауды қорытындылайтын болсақ, комиссия шешімімен 381 қызметші лауазымында жоғарылатуға ұсынылды, 5062 қызметші атқаратын лауазымына сай келеді, 74 қызметші лауазымында төмендетіледі, 14 қызметші жұмыстан босатылады.
Комиссия қызметінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін оның құрамына мемлекеттік қызметшілерден өзге қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, академиялық орта өкілдері енді. Бұл өткізілген процестің әділ өтуі мен әңгімелесу өткізудің бірыңғайлығын көрсетеді.
Аттестация өткізу барысында қызметшілердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік қызметшілердің өтінімдерін жедел қарау үшін мобильдік топ құрылды.
Жалпы өткізіліп жатқан реформаларға қатысты айтар болсақ, облыс көлемінде кешенді және жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің кадр саясатының тиімділігі мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы деңгейімен (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету), мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарымен қамтылуы, конкурстық рәсімдердің шынайылығы, «Б» мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ротациясы, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметінің тиімділігін бағалау, ішкі конкурстар арқылы жоғары лауазымдарға тағайындалу, сынақ мерзімінің белгіленуі мен тәлімгердің бекітілуі сияқты көрсеткіштермен бағаланады.
Осылайша, Ұлт жоспарының 9-қадамымен мемлекеттік қызметшілердің тұрақты түрде оқытылуы, яғни үш жылда бір рет біліктілігін арттыруқарастырылған.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесінің негізінде, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің 30% жыл сайын біліктілігін арттыру курсынан өтуге тиіс.
2017 жылы облыстың мемлекеттік қызметшілерінің оқытуына 48 223 706 тенге бөлініп, 1100 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарлануда. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар өздерінің кәсіби бағыттары бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жоспарлаған.
Осылайша, 2017 жылдың соңында оқытумен облыстың 35% мемлекеттік қызметшілерін қамту жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 41 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің ротациясы жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басқа жерге ротацияланған кезінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Алматы облысында бүгінгі күні аудандық деңгейде 13 ротациялық тұрғын үй, облыстық деңгейде 12 пәтер қарастырылған.
Ұлт жоспарының 10-қадамы мемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоғарылуы үшін конкурстық іріктеуге көшу сияқты түбегейлі өзгерісті көздейді. Төменгі лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер қатарынан, тек қана конкурс арқылы «Б» корпусының жоғары лауазымдарына орналастыру арқылы меритократия үрдісін нығайту,сонымен қатар, Заңның 37 бабына сәйкес, «Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету олардың бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріліп жүзеге асырылады».
Осындай рәсімдер қоғам мен мемлекетімізде тібегейлі өзгерістердің негізі бола алады, оның мақсаты «қалыптасқан тұрақтылықта жою» болып табылады.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш келушілер үшін, сонымен қатар «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайта келушілер үшін үш ай мерзіміне сынақ мерзімі белгіленеді.
Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттаналықсыз болған жағдайда, оның мерзімі бұдан әрі ұзартылмайтын болып, үш айға ұзартылады.
Мемлекеттік қызметке алғаш келгендер сынақ мерзімін өткеру кезінде үш айға дейін тәлімгер бекітіледі. Сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылғанда, тәлімгерлік мерзімі де осы мерзімге ұзартылады.
Осылайша, Жетісуда Мемлекет басшысының маңызды реформалары мен тапсырмаларын сапалы және тиімді іске асыру үшін барлық жағдай жасалғанын айтқым келеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істеріжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің Алматы облысыбойынша департаментінің басшысы –Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы С.Нұрғисаев