20.07.2017, 07:57

Менің елім – Ұлы дала елі

«Ұлт жоспары – 100 қадамның» 87-қадамы Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру. Мұндағы мақсат – еліміздің әрбір азаматы мен шетелдік туристке еліміз туралы көбірек білуге көмектесу.

«Қазақстан энциклопедиясы» порталы елдің ұлттық жолнұсқасына айналады. Бұл туралы Үкiмет үйiнде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру барысына арналған баспасөз мәжiлiсiнде ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Аталған Қадамды іске асыру үшiн Мәдениет және спорт министрлігі өңірлерде музейлер, Достық үйлерi мен Ұлттық музейде ҚХА тарихы және Қазақстанның көп этникалығы залдарын құрды», – дейдi Мұхамедиұлы.

Порталда Қазақстан бойынша 3D бейнетурлар, еліміздің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалар мен қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпарат жарияланады. Портал елдің ұлттық жолнұсқасына, қызықты азаматтар үшін құрмет тақтасына және виртуалды әңгімелесуге платформа болмақ.

«Қазақстан энциклопедиясы» ҚР СІМ-мен бірге «Ұлы Дала Елі» Қазақстан туралы цифрлық энциклопедия шығару бойынша толығымен іске асырылған жоба ретінде бақылаудан алып тасталды.

Қоғамдық ұйымдарға берілген мүмкіндік

Ал, Дін және азаматтық қоғам министрлігі аталған Қадамды іске асыру бойынша алдағы жұмыс аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, қызмет көрсету нарығы жетілдіріледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тақырыпты қалыптастыруға қоғамның қатысуын кеңейту мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау, ҮЕҰ қызметтердің стандарттарын енгізу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мониторингілеу және бағалаудың бірыңғай жүйесі әзірленеді.

Тақырыпты қалыптастыру рәсімінен бастап мониторинг пен бағалауға дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты мәліметтер жинақталатын электронды ақпараттық ресурсты әзірлеу мен енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, ҰЕҚ гранттық қаржыландыру практикасын жетілдіру шаралары қолданылады. ҮЕҰ-ға гранттар бөлумен 2016 жылы құрылған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы формасындағы гранттық қаржыландыру саласындағы оператор айналысады.

Айта кету керек, 2017 жылы 55 жоба іске асырылады. Жобаның тақырыптары әр алуан: балалар мен жастардың құқықтарын қорғау, патронаттық тәрбиелеу, ҮЕҰ әлеуетін талдау және олардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін анықтау, радикалды идеологиядан зардап шеккен тұлғаларды сауықтыру және бейімдеуге бағытталған іс-шаралар атқарылады.   

2017 жылдың маңызды жетістігі ретінде жыл басындағы гранттар бойынша конкурстық рәсімдердің өткізілуі еді. Нәтижесінде гранттық жобаларды іске асыру мерзімі ұлғайтылды. Жобаларды іске асыруға берілген уақыт сапалы нәтиже кепілі десек артық айтқандық емес. Биылғы жылдың басынан бастап ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар бөлу бойынша ақпанда және мамырда 2 байқау сәтті өткізілді.

Гранттық қаржыландыру аясында 2017 жылы алғаш рет ауыл аудандарын қоса алғанда, өңірлер бойынша халықтың қажеттіліктерін бағалау жүргізіледі. Халықтың қажеттіліктерін анықтау бойынша кешенді зерттеу аясында ұсыныстар түседі. Осы тұрғыда еліміздің тұрғындарының қажеттіліктері туралы арнайы карта жасақталады. 

Сондай-ақ, биыл ерекше жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Қазақстанның Еріктілер ұйымдарының картасын құру жобасы аясында түрлі көрсеткіштер бойынша қазақстандық еріктілер ұйымдарының қызметі талданады. Мәселен, олардың жасы, кәсіби даярлығы, ерікті жобаларға қатысуға ынтасы, тағы басқа ерекшеліктері ескеріледі. Болашақта еріктілер ұйымдарының картасы белсенді үкіметтік емес ұйымдар немесе бастамашыл топтар, сондай-ақ еріктілер ұйымдарының зерттейтін өңірлердегі қажеттіліктері туралы мәліметтер ұсынып, баяндап отырады. 

Тағы бір инновациялық жоба – ҮЕҰ-дың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау жобасы. Бұл жобаның бірегейлігі нәтижесінде ҮЕҰ-ның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау әдістемесі жасалады. Аталған әдістеме пилоттық апробациялау үдерісіне негізделеді және тұрақты қолдану үшін мемлекеттік басқару жүйесіне енгізудің нақты алгоритмі болады. 

Киноиндустрия өндірісі қарқын алды

Кейінгі жылдары еліміздің кино өндірісі қарқынды дамып, ел назарын аудара бастады. Жаңаша мазмұн, соңы идеямен түсірілген кез-келген фильм жайында керемет дүниелер жазуға болады. Оның бәрін отаншылдық, патриоттық, елжандылыққа арналған түсірілімдер деп бірден айта аламыз. Десе де, қазіргі фильмдердің көңілге қонбайтын тұстары да баршылық. Мысалы, қазақ балалары қызыға көретін «Алдар көсе» сериалы әрбір үйдегі көгілдір экраннан түспей келеді. Оған қызықпайтын бала жоқ десек те болады. Дегенмен де, өткен ғасырда түсірілген «Махаббат бекеті», «Менің атым-Гүлназ», «Қыз Жібек», «Көксерек», «Менің атым-Қожа», «Бандыны қуған-Хамит», «Алпамыс мектепке барады» фильмдері көрерменін өзіне тартып тұрады. Ал қазіргі таңдағы көрерменнің көзайымы болып жүрген кинолардың қатарында «Көшпенділер», «Рэкетир», «Жаралы сезім», «Жетімдер», «Астанаға көктем кеш келеді», «Өкініш» , «Ғашық жүрек», «Шал» , «Аңшы бала», «Ағайындылар» т.б.

Бас қалаларымызда ғана емес, шағын қалалардың да режиссерлері мен актерлері белсенділік танытып жүр. Теміртаулықтар «Жаза» деп аталатын криминалды кино түсіріпті. Бір қызығы аңдатпасы дыбыссыз дайындалған. Қысқаша картинаны тамашалап, түрлі мазмұнды болжауға болады. Белгілі актерлерге де жарнама жоқ. Бір белгілісі ертеңнен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды. 

«Ұлт жоспары – 100 қадамның» 90-қадамындағы бес институттық реформаны, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету маңызды мәселе.

Бұл қадам бойынша министрлік қазақстандық мәдениетті, тарихи тұлғалар мен қазіргі заман қайраткерлерін таныту мақсатында еліміздің ежелгі кезеңінен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – «біздің заманымыздың қаһармандары»  туралы баяндайтын ауқымды кино және тележобаларды жасау жөнінде 2015 -2020 жылдарға арналған «Мәңгілік ел» кешенді жоспары іске асырылуда.

Тақырыптық жоспарға сәйкес, 2017 жылға 28 фильмнің өндірісі қарастырылған (15 көркем фильм, 10 деректі фильм, 2 анимациялық фильм, 1 дебютті фильмдер циклі). Олардың қатарына еліміздің ежелгі кезеңінен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – «біздің заманымыздың қаһармандары» туралы баяндайтын «Сұлтан Бейбарыс», «Қазақ елі-2», «Томирис», «Асанәлі Әшімов», «Алаштың жүз жылдығы», «Балуан Шолақ» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады.

Кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында отандық фильмдер әртүрлі халықаралық кинофестивальдерге тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда, «Аманат», «Құнанбай» фильмдері София қаласындағы (Болгария) «Фокус на Центральную Азию» бағдарламасында және «Анаға апарар жол» фильмі – Қырғызстанның АКИЛБИС атты ұлттық кинематографиялық сыйлығы аясында «Орта Азияның үздік фильмі» атанса, «Жол» фильмі Красногорск қаласында (Ресей) 15-ші Спорттық фильмдер фестивалінде «Үздік сюжет» номинациясының жүлдесін жеңіп алды.

«Оралман» фильмі Тегерандағы (Иран) «Fajr international film festival» фесивалінде «Үздік азиаттық фильм» жүлдесін еншілесе, Каирде (Египет) өткен халықаралық кинофестивальге «Қазақ елі» анимациялық фильмі қатысып, «Ең үздік толықметражды анимациялық фильм» жүлдесін, мақтау сертификатын және «Ең үздік музыка» төсбелгісін тағынды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында бірлескен киноөндіріс саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Францияда өткен 70-ші Канн кинофестивалінде отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды.

Халықаралық фестивальдерге қатысу кино өндіретін ел ретінде Қазақстанның имиджін нығайтады, кино өнім үшін серіктестер іздеуге ықпал етеді. Бұл еліміздің аумағында шетелдік жобаларды іске асырудың келешегін қалыптастырып, ел экономикасына қаражат түсіру әлеуетін арттырады.

Ерлан Асылов