Бүгінде ЭКСПО көрмесін өткізу арқасында Астанаға 4,5 млн адам саяxаттап келген. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,9 млн адамға көп деп жазады қала әкімдігінің медиа-орталығы.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметі бойынша туризм саласын дамыту үшін елорда әкімдігі 2020 жылға дейін туристердің санын жылына 2 млн-ға дейін жеткізбек ниетте.
- Туризм саласын дамыту үшін біз Horwath компаниясымен жұмыс істейміз. Туризм бойынша әзірленген жаңа бағдарламада жылына 2 млн-ға дейін турист тартуды көздер отырмыз, олардың 1 млн-нан астамы шетелдік болмақ. Өткен жылы туристердің жалпы саны 831 мың адамға жетті. Олардың 273 мыңы-шетелдіктер,- деді Малика Бектұрова. Бүгінде әкімдік Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, ЭКСПО аясында өткізілген шараларды тексерді, қазіргі уақытта соған орай жылына xалықаралық деңгейдегі 40 шараны қамтитын тізім анықталуда.
- Онымен бірге біз мәдени және спорттық нысандар базасында туристерді тарту орталығын дамытуда жұмыс істеудеміз, сондай-ақ мұражайларды және ойын-сауық орталықтарды дамытудамыз. Біз 6 мәдени спорттық нысанды іріктеп алдық: Барыс-Арена, Астана-арена, «Алау» мұз айдыны, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Жастар» сарайы, Астаналық цирк, осы нысаналарды сенім басқармасына беру арқылы бюждет қаражатының үнемделуі жылына 11,9 млн АҚШ долларын құрайды,- деді Астаны қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.