Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және қала жастарын қолдаудың Жол картасы аясында бұрынғы трамвай депосының орнында жастардың лофт-орталығының бірінші кезегі ашылды. Сондай-ақ, дәл осы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысқан «Art Energy Almaty» - «WORK IN PROGRESS» фестивалі өтті.
Жастардың лофт-орталығының бірінші кезегінде коворкинг-орталық, еріктілер қозғалысы орталығы, Creative Zone (жас суретшілер орталығы және галерея), жастардың ресурс орталығы жатақханаларға кураторлықтың орталық бөлімшесі және селолық жастармен жұмыс орталығы, workout-center және басқалары бар. Сонымен қатар, мұнда жастарға қызмет көрсету аймағы, 5 шеберхана, English club және мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 10 білім секциясы және басқалары қызмет көрсетеді. Жаңа лофт-орталықта жастардың 25 ҮЕҰ түрі шараларды ұйымдастырады, олардың тұрақты жұмыстарына 3 мыңнан астам адам тартылған.
«Жастар саясаты саласы қаланың барлық жастарын өзінің айналасына шоғырландыртатын осындай орталыққа мұқтаж болатын. Жыл сайын жастардың жалпы саны артуда, түрлі форматтағы шалалар да жиі ұйымдастырылуда. Лофт-орталықта жас адам қажетті барлық ақпаратты алады және өз мақсатын жүзеге асыру үшін тиісті қолдау да табады», - деп атап өтті қаланың Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Шыңғыс Бескемпіров.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған еді. Жасалған Жол картасы аясында жастар практикасының квотасын арттыру жоспарланған, 6 мыңнан астам адам кәсіби дайындықтан өтеді, студенттік жатақханалар салынуда, Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірге ерекше бағдарлама жасалып, соның арқасында жастар жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтерге қол жеткізе алады. Мамыр айында әуезов ауданында жастарға тегін білім беретін «Бағдаршам» орталығы ашылса, осы жақында Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында Жастармен жұмыс орталығы жұмысын бастады.
Алматы әкімі «Art Energy Almaty» - «WORK IN PROGRESS» фестиваліне қатысып, қала қауымдастығы өкілдерімен ашық сұхбаттасты.
«Art Energy Almaty» - «WORK IN PROGRESS» – қала қауымдастығы мен ішкі қалалық коммуникациялардың билікпен,бизнеспен, бастамашыл қауымдастықпен, қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасу фестивалі.
Фестиваль барысында бірқатар қауымдастықтар экология, салауатты өмір салты, зооқорғау, қайырымдылық,транспорт,архитектура және қала кеңістігі, бизнес және әлеуметтік кәсіпкерлік, технология жөнінде өз жобаларын ұсынды. Ағымдағы және болашақ өзгерістерді үйлестіруге, билік пен қалалықтардың бастамашыл жеке бірлестіктерінің коммуникациялық каналдарына, бизнестің қала алдындағы әлеуметтік,мәдени жауапкершілігіне, қалаға пайдалы азаматтық жобаларды қаржыландыруға, қоғамдық мәдени жобалардың жаңа «инфрақұрылымдарына» арналған «Қалалық диалог» атты панелді пікірталастар өтті.
Ақбота Мұсабекқызы