Алматыда қала күні қарсаңында тағы бір әлеуметтік нысан ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Бұдан былай қала тұрғындарына «Open Almaty» деп аталатын қоғамдық қабылдау орталығына барып, түрлі салаларға қатысты тегін ақыл-кеңес ала алады. Яғни, әкімдікке, басқармаларға, прокуратураға, полиция мен мемлекеттік кіріс департаментіне және өзге де мемлекеттік органдарға жазған өтініштерін тұрғындар осы орталыққа әкеліп тапсырса жетіп жатыр.
Нысанның салтанатты ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбектің өзі келіп, орталықтың жұмыс істеу принциптерін тексеріп көрді. Мұндағы мамандардың айтуынша, жаңа сервис мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тиімділігін де арттырады.
Жаңа қалалық сервис арқылы қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланың қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет-порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады. «Open Almaty» порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланың коммуналды қызмет көрсету орындарының (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.
Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисінде қаланың барлық аудандарының, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларының, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментінің, ТЖД-нің, ХҚКО-ның, кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді. Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.
Айта кетерлігі, 2015 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграм әлеуметтік желісінде өз аккаунтын ашқан болатын. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мың жазылушыға жетті, қалалықтардың 20 мың өтінімі орындалды.
Жаңа сервистің жұмыс кестесі қала тұрғындарының жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, яғни қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.
Қоғамдық көліктің жақын бекеттері: «Әуезов атындағы театр» (Абай даң) баратын автобустар 3, 33, 34, 62, 65, 66, 92, 118, 120, 123, 128 мен троллейбустар 5,19,25; «Қастеев мұражайы» (Сәтпаев көш.) – автобустар 18,35,121; «Орталық аурухана» (Жандосов көш.) - автобустар 18, 44, 62, 66, 95, 121, 123; метро бекеті – Әуезов атындағы театр.
Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесінің бұрышы) «Алматы Тауэрс» орталығы.
Қазіргі кезде әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз-шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі – аудандар әкімдіктері (55 %), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресусртар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.
2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаның 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.