$ 513  541.16  4.69

Алматыда колледж оқытушылары мен студенттері латын әліпбиіне көшудің қиындықтарын талқылады

Алматы политехникалық колледжінде «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруде біріңғай стандартты енгізуді қолдауға және талқылауға» жиын өтті. Аталмыш шараға оқу орнының профессорлық-оқытушы ұжымы мен студенттер қатысты.

Алматы политехникалық колледжінің қоғамдық оқыту бөлімінің жас оқытушысы Бағдат Устенов латын әліпбиіне көшу біздің мемлекетіміздің өзгеруіне оңтайлы қадам болатынын сенім білдірді.

– Біз оң өзгерістерге ұмтыламыз. Бүгінгі жиынға қатысқандардың бәрі реформамен келіседі және мемлекет басшысының бастамасын белсенді қолдайды деп үміттенемін. Қиындықтар болады әрине, бірақ олар латынға көшу процесінің басында ғана көрінеді. Ал, Қазақстан жастары кез-келген қиындықты жеңе алады. Бірге жұмылып, біз мақсатымызға жетеміз, – деді ол.

Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшу процесін соза бермей, іске кірісу керектігін айтты. Бұған дейін талай мінберде айтылғандай, ана тілімізге жасалатын омсынау реформа мемлекеттің дамуына өзіндік үлесін қосып, тіліміздің сақталуына, дамуына, жаңаруына септігін тигізеді. Тіл мамандарының айтуынша, латын сценариі ұлттық идентификацияны рухани жаңғырту мен күшейтуде күшті факторға айналуы керек.

– Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі көрші Ресеймен достық байланысынан бас тартуы дегенді білдірмейді. Өйткені ол Қазақстанның ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей Қазақстанның көршісі, екі елдің достық байланысы екі ел үшін де тек пайда екені анық. Сондықтан, Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға кедергі келтрімейді. Қазір біздің алдымызда бір ғана мәселе бар, ол – латын әліпбиінің қай нұсқасын таңдайтынымызда, – деді «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Қапиза Тортаева.

Жиынға қатысушылар тіл мамандары әзірлеген латын әліпбиінің екі нұсқасын да талқылап, соңғысының сәтті шыққанын айтып жатты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда кириллица әліпбиін әлемде небәрі 12 ел қолданады. Олардың сегізі славян текті халықтар. Атап айтқанда, Беларусь, Босния мен Герцоговина, Болгария, Македония, Черногория, Ресей, Сербия және Украина. Славян текті халықтарға жатпайтын 4 ел де осы әріптерді қолданады. Олар Қазақстаннан, Қырғызстан, Моңғолия және Тәжікстан. Ал осы төртеудің ішінде Моңғолия мен Тәжікстан сол кириллицаға қоса өздерінің төл әріптері монғол және араб жазуларын да бірге пайдалануда.

Еске салайық, ағымдағы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшуді ұсынған болатын. Президент бұл үшін тәуелсіздік алғалы бері дайындық жүріп жатқандығын алға тартқан. Сондай-ақ, Президент 2025 жылдан бастап қазақстандықтардың барлық салаларда латын әліпбиін қолдануы керектігін атап өтті. Барлық бизнес құжаттар, мерзімді басылымдар мен оқулықтар жаңартылған алфавитте пайда болуы керек деген еді.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары