$ 446.49  475.38  4.79

ҚР ИДМ «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асу барысына есеп берді

Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 2 жылдай уақыт болды. Жобаның басты мақсаты белгілі – Қазақстандағы жол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту.

Бүгінде осынау бағдарлама аясында елімізде қанша шақырым жол салынып, қанша шақырымы жөнделді? Қанша қаражат жұмсалды және қанша адам жұмыспен қамьылды? Жақын болашақта қандай жолдар пайдалануға беріледі? Бұл сауалдардың жауабын бүгін ҚР Индустрия және даму министрлігінің өкілдері берді. Ведомствоның жауапты қызметкерлері министрліктің медиа-орталығында брифинг өткізіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берді.

Баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.  

Бағдарлама алдағы бес жыл ішінде құрылыстың бес негізгі бағытын тең дамытуды көздейді. Бұл – Орталық - Солтүстік, Орталық - Шығыс, Орталық - Оңтүстік, Орталық - Батыс және Алматы – Шығыс автожол жобалары.

«2015-2016 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар 2 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, қайта жаңартылуда. Оның ішінде 1,3 мың шақырым жол 1 және 2 техникалық санат параметрлері бойынша пайдалануға берілді. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Көкшетау-Петропавл учаскелері толығымен аяқталды»,-деп атап өтті Амангелді Беков.

Барлық жобалар бойынша жұмысқа 75 мың адам тартылды, отандық өндірушілер материалдарының үлесі 93%-ды құрады.

«Бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85% -ға дейін жетті. Биыл бағдарлама Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка жобаларының құрылыс жұмыстарын жалғастырды. Олардың жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым», - деді Автомобиль жолдары комите төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ұзақтығы 2,5 мың шақырым болатын Қандыағаш-Мақат, Жетібай-Жаңаөзен, Құрты-Бурылбайтал, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Калбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осинов асуы, Щучинск – Зеренді жаңа жобаларын іске асыру басталды.

А.Беков жыл аяғына дейін жалпы ұзақтығы 0,7 мың шақырым болатын Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Ұзынағаш-Отар, Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Қостанай-Денисовка айналмалы жолдарының жобалары бойынша шарттарды бекіту және дайындық жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осы жобалардың арқасында шамамен 9 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын айтып өтті.

Жылдың қорытындысы бойынша I және II техникалық санат параметрлері бойынша 600 шақырым жолды және Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолдарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта  жалпы ұзақтығы 174 шақырым болатын Астана - Теміртау (132 км) және Алматы - Қапшағай (42 км) жол учаскелерінде ақылы жүйе мен зияткерлік көлік жүйесін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл жыл аяғына дейін жүйені тәжірибелік пайдалану бағытында іске қосу жоспарлануда»,-деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев.

Сондай-ақ, ұзақтығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақы алу жүйесі мен зияткерлік көлік жүйесін жобалау жұмыстары басталды. Бұл - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, Щучинск-Петропавл-РФ шекарасы (Қорған), Астана-Қостанай-РФ шекарасы (Троицк), Астана-Павлодар, Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) учаскелері, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы (Самараға), Орал-РФ шекарасы (Саратов), Ақтау-Бейнеу, Атырау-Доссор-Бейнеу-Бекжігіт- Өзбекстан шекарасы және Қапшағай-Талдықорған бағыттары.

Ұзақтығы 304 шақырым болатын «Алматы-Қорғас» учаскесінде төлем жүйесін салуды бастау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, ақылы жолдан жиналған қаржы 1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 4%-ға артық.

Айта кету керек, ҚР ИДМ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, экономикалық, әлеуметтік факторларды, автокөлік құралдарының экологияға тигізетін әсерін және т.б. ескере отырып, ставкаларды қалыптастыру әдістемесі бойынша халықаралық сарапшы консультант тартты.

2020 жылға қарай ұлттық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында 260 жол қызмет көрсететін объектіні салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Олар Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. 2017 жылдың соңына қарай  жол бойындағы 136қызмет көрсету нысандары Ұлттық стандартқа сай жасалатын болады.

2017 жылдың соңына қарай 2 жол сервистік павильоны қосымша орнатылады. Аал 2018 жылы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әзірленген тағы 10 павильон  іске қосылады. Олар азық-түлік бекетіне, жақсы жабдықталған дәретханаларға және тағы басқа да қызмет көрсету нысандарына арналған. Бұлар жыл он екі ай тәулік бойы қызмет көрсететін болады.

«Казахавтодор» ЖШС алдағы қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды дайындауға кірісті. Олар – жол-құрылыс техникасы, өндірістік нысандар, жолдарды тазарту, су құбырларындағы тесіктерді жабу, уақытша жол белгілерін орнату, көмір дайындау, мұз жолға төсейтін заттар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары