$ 447.4  477.55  4.76

Түркістанда 72 отбасы баспаналы болады

Бүгін «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Иппотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Отырар» атты жаңа ықшам ауданнан бой көтеріп жатқан тоғыз қабатты екі үйдің құрылыс жұмыстарымен таныстыру мақсатында шара ұйымдастырды.

Осы жылдың басында бастау алған «Нұрлы жол» аясындағы құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі атқарылған. Құрылыс мердігері «Отау Строй» ЖШС өкілдерінің айтуынша әрқайсысы 72 пәтерлік екі үйді жыл соңында, яғни ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға бермек. Тарқатып айтсақ, жалпы 144 пәтердің 36-сы бір бөлмелі (39,68 шаршы метр), 72-сі екі бөлмелі (55,21 шаршы метрге дейін), 36-сы үш бөлмелі пәтерлер (68,48 шаршы метрден бастап). Пәтердің бір шаршы метрінің құны 900 теңгеден аспайды. Пәтерлер тұрғын үй кезінде тұрған азаматтарға беріледі. Түркістан қаласы бойынша 3930 адам баспана алу үшін өтініш білдіріп, тұрғын үй кезегіне тіркелген.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда бұл жаңа ықшам ауданнан «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында бес қабатты екі үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сонымен бірге, тағы да бес қабатты 8 үйдің іргетасы қалануда. Оған қоса, аталған үйлерге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Енді үй кезегінде тұрған түркістандық тұрғындар жыл соңына қарай жаңа баспанаға қол жеткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары