Нұрлы жол 21.10.2016 сағат 11:30

Бас прокуратура «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Бас прокуратурада Жақып Асанов  «БҰҰ-әйелдер» Құрылымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевичпен кездесті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

И.Конкиевич адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдігі, демократиялық институттар, гендерлік проблемалар сияқты салалардың тәжірибелі маманы, халықаралық қатынастардың магистрі.

Кездесу барысында Бас Прокурор «БҰҰ-әйелдер» Құрылымымен ұзақ уақыт бойы жылы әрі сенімді қарым-қатынастың қалыптасып отырғанын атап өтті. «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу, зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету және басқа да өзекті мәселелер бойынша жұмыстарға белсенді қатысуда.

«БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Бас прокуратураның іске асырып отырған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты Жобасына консультативтік және сарапшылық көмек көрсетуде, аймақтарда түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Бас прокуратура мен «БҰҰ-әйелдер» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін әйелдердің құқықтарын қорғау мен іске асыру саласындағы өзара әрекет етудің басты бағыттары мен нысандарын айқындайтын Меморандумға қол қойылды. Тараптар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың әртүрлі формаларын жоюға, тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлді.

Кездесу соңында Жақып Асанов бұл Меморандум өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін және алға қойылған мақсаттарды тиімді іске асыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар