$ 447.4  477.55  4.76

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

Бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Елордамыз – Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің өтуіне орай облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков брифинг берді.

Бифингте облыс әкімінің орынбасары Тәуелсіздік жылдарында өңірдің жеткен жетістіктері мен Оңтүстік Қазақстанның Астанадағы күндерінің бағдарламасы бойынша баяндады.

Оның айтуынша, бұл күндері облыс делегациясы Астана халқына өңірдің тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық тауар өндірушілердің өнімін ұсынады. Осы күндері 300-ге жуық облыстың өнер майталмандары театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін, балаларға базарлық ретінде облыста түсірілген қысқа метражды фильмдер топтамасын ұсынады. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады.

Сонымен қатар, ол екі күн бойы өтетін жәрмеңкеде Оңтүстік өлкесінің тұрғындары қазақтың ұлттық бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт сияқты тағамдарын да ұсынатынын жеткізді.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстікқазақстандық шаруалар ауыл шарушылығындада толағай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

«Биыл облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан - жылға ұлғаю үстінде. Нақтырақ айтсақ, 2008-2016 жылдар аралығында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га жеткізілді»,-деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары