$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да «Халық мұрасы» облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

Өткен аптада Шымкенттегі "Көрме" орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Халық мұрасы» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрменің мақсаты - заман талыбына сай, жүннен, қыштан, ағаштан, темірден, зергерлік бұйымдар жасаушы, көркем сурет салушы, ұлттық нақышта тігілген көрпе-төсек пен киімдерді дайындайтын туынды иелері, яғни жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен насихаттау. Халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа таныстырып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу болып табылады.

Көрме-жәрмеңкеге облысымыздың 32 қолөнер шеберлері өнердің түрлі саласы бойынша өз туындыларын қойды. Әділ қазылар алқасы құрамында ҚР шеберлер одағының мүшесі, Шымкент университетінің доценті Симова Бибіажар Иманбекқызы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Ахметов Әбдімүтәліп Мұстафаұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Руханият» бөлімінің аға тілшісі Тастанбекова Лаура Қалшабекқызы, Облыстық мәдениет басқармасы, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің бас маманы Жұмағұлова Аяулы Тәжібайқызы болды. Әділ-қазылардың шешіміммен бас жүлдені ағаштан ұлттық бұйымдар жасаушы шебер Ауелбеков Якия иеленді. 1-орынды былғары зергер шебері Желдібаев Әшірбек және қыз жасауын дайындаушы Омарбекова Эльмира, 2-орынды былғарыдан бұйым жасаушы Желдибаев Бағлан және ағаштан, мүйізден, сүйектен бұйымдар жасаушы Түркістан қаласының шебері Кунхожаев Гаухарбек, 3-орынды «Тұмар» ЖШС-нан Есимбекова Гүлназия және Түлкібас ауданынан қолөнер шебері Елепбергенов Амангелді және сандық сандық жасаушы Сәрсенбаев Мақсат иеленді.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертифакаттар тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары